Ғалия БӨКЕЙҚЫЗЫ: АҒАМ ЖАҢА АСТАНАНЫ КӨРЕ АЛМАЙ КЕТТI…

0 232

« – Оралханды оқып па едiң?
– Оқымағанда?!».
Бiздiң буынның кiтапқұмарлары дәл осылай Оралханды жақсы көрдi. Шығармаларын сүйiп оқыды. Бұл – қаламгер құдыретi.
Езуiңе күлкi әкелiп, ескi танысыңды кезiктiргендей қуаныш сыйлайтын «ауыл хикаяларымен» өзiнiң туған топырағына өзгелердi де ғашық еттi. Жаңа заманның соны сипатты адамдарының болмыс-бiтiмiн өзiнше өрнектедi. Сөйткен Оралханды қалың оқырманы қаншалықты бiледi? Оқырманының жан-дүниесiн байытқан Бөкейұлының шын мәнiнде артықшылығы неде?
Жазушының туған қарындасы Ғалия Бөкейқызымен Орағаңның азаматтық тұлғасы, жазушылық жолы жайында аз-кем сыр бөлiскен едiк.
– Бiз сiздi Оралхан ағаның кенже қарындасы деп бiлемiз…
– Иә, солай. Мен үйдiң ең кен¬же¬сiмiн. Ағамыз екеуiмiздiң жас айыр-машылығымыз – 18 жыл. Арамызда осындай алшақтық болғаннан кейiн де мен ағамның балалық шағы туралы ештеңе айта алмаймын. Бiздiң үйде ағамнан үлкен Шолпан, Әймен, Ләз¬зат апайларым, ағамнан кiшi Мән¬шүк болды. Кенжесi – мен. Ол – осы бес қыздың ортасындағы жалғыз ұл.
– Жазушының туған жерiн сурет¬теген шығармаларының қай-қайсысын да оқи салып, Алтай асып кетуге асы¬ғасың. Тiптi көзi тiрiсiнде-ақ, «Алтай¬дың кербұғысы», «Мұзтаудың мұзба¬лағы» атанды. Сiздiңше, мұның сыры неде?
– Әрбiр адам өзiнiң туған топы¬ра¬ғына тартады ғой. Бiздiң ата-анамыз туған жердiң артықшылығын, туған табиғаттың құйқалы қыр-сырын бiзге ұқтырып, санамызға құя бiлдi. Бала кезiмiзден өскен өңiрiмiздегi әрбiр шежiрелi тау-тастың шығу тари¬хын, аңыз әңгiмесiн тыңдап, бойымызға сiңiрiп өстiк. Онсыз да табиғаты сұлу Алтайдың ағамның шығармаларына арқау болуына ата-анамыздың ықпалы мол болды. Құ¬дай берген талантымен осыларды қа¬ғазға түсiрген ағамның артық¬шы¬лығы ғой. Ол өзiнiң шығармала¬рында: «Менiң ұстазым да, ақылшым да – өр Алтай», – дейдi. Онысы рас.
Ағам – әдебиетке өз бетiмен кел¬ген жазушы. Ешкiмге елiктеген емес. Шәкiрттiк кезеңдi де басынан өткер¬меген. Оның өңделген, жарияланбай қалған бiр де бiр шығармасы бол¬маған. Осының өзi оның шығар-маларының құндылығын арттырып тұр. Осыған сай, өзiнiң көзi тiрiсiнде құрмет те көрсетiлдi. Оқырмандары да бағалады. Өз ортасы мойындады.
Айта кетерлiгi, ағам тек қана Алтай¬дың табиғатын жазған жоқ, «Құм мiнезiнде» Мойынқұмды сурет¬тедi. Бұл шығармасында құмның мiнезi болатындығын, сол жерде туған адамнан артық бiлiп, түйсiнiп, шығармасына негiз ете бiлдi. Ал «Же¬тiм ботасында» Ақтауды жазды. Сон-дықтан, Оралхан Бөкейдiң шығар¬машылығы тек өзiнiң туған жерiнiң ғана емес, туған елiнiң табиғатына арналды. …Елiмiз егемендiк алғаннан кейiн екi жылға толмай өмiрден озды ғой өзi. Соның өзiнде тәуелсiздiк тақырыбына бiрқатар дүниелер жазып кеттi.
– Жазушылық қасиетi қай жұр¬ты¬нан дарыған?
– Тек жерге тамырсыз ештеңе шық¬пайды. Бiздiң арғы атамыз – Қаратай батыр, өз заманының ру басы, биi болған кiсi екен. Одан кейiнгi бiздiң соңғы атамыз Дос би деген шешен кiсi болыпты. Осы Дос би мен менiң атам Исаханмен – бiр әкеден. Совет үкiметi орнаған кезге дейiн болған би осы – Дос би. Ата-бабаларымыздан келе жатқан сөз өнерi Оралхан ағама да қонған деп ойлаймын. Бұл қасиет оған қанмен, текпен келдi. Сүйегiне сөз қонған Дос бидiң бәйбiшесi Сарқыт апам да от ауызды, орақ тiлдi Керейдiң қызы болған. Әке-шешемiз көбiне жұмыс¬пен сыртта жүргендiктен ағама бағыт-бағдар берiп, жол сiлтеген, тәрбие берген осы – Сарқыт апам. Сарқыт апам¬ның «оң қолы оймақ» дейтiн. Ер азаматтың да, әйел адамның да атқа¬ратын қызметiн бiр өзi жасай беретiн. Мұсылмандықтың парыздарын берiк ұстанды. Дiндар, тәкаппар, өсек-аяң-ға жаны қас адам едi. Әкемiз Бөкей мен шешемiз Күлия да сөз өнерiнен кенде емес. Қатон-Қарағай елiне белгiлi адамдар болған.
– Басқа бауырларыңыздың ара¬сында сөз өнерiне таласы бары бар ма?
– Ләззат пен ағамның арасы – 9 ай. Тете өстi. Екеуi төбелесе беретiн. Ал өзiнен кейiнгi Мәншүкпен сөз жарыстырып отыратын. Өйткенi, Мән¬шүк қазақ тiлi мен әдебиетiн ағамнан да жақсы бiлдi. Сондықтан, өзi сөзжұмбақтар құрастырса, өлең¬дер жазса, барлығына Мәншүктiң атын қойып, газеттерге жiберетiн. Осы жағына көп баулитын. Бiрақ, Мән¬шүк журналистиканы таңда¬мады.
Отбасындағы барлығымыз сөзден құр алақан емеспiз. Сөзбен сурет салу қасиетi бәрiмiздiң бойымызда бар.
– «Ағам әдебиетке өз бетiмен кел¬ген жазушы» деп қалдыңыз. Бұл сөзiңiз¬дi жазушының таланты толысқан шағында ғана Алматыға ат басын бұрғанына сүйенiп айтқан боларсыз?
– Мүмкiн. Ағам онжылдықты бiтiргеннен кейiн бiр жыл трактор айдап, сосын аға пионер жетекшiсi болды, аудандық «Еңбек туы» газетiнде корректор болып еңбек еттi. Ал, жоғары оқу орнына құжатын тапсырғандағы ең бiрiншi таңдаған мамандығы – әртiстiк болатын. Алма-тының консерваториясына түстi. Қазақстанның Халық әртiсi Гүлжан Әспетовамен курстас болған. Бiрақ, бұған әке-шешемiз қарсы болды. Жұрттың: «Жалғыз ұлы әртiс боп кеттi» деген әңгiмесiнен қашты. Ақырында ағам КазМУ-дiң журна¬лис¬тика факультетiне оқуын ауыс-тырды. Өзi: «Мен әртiс болсам да, жазушы болсам да, әйтеуiр, халқыма қызмет етсем болды» деп отыратын. Ол арманы орындалды.
Қазiр ойлап отырсам, бiздi үйде бiр-ақ нәрсеге тәрбиелеген екен. Соған қуанамын. Дiндi бiлiп өстiк. Мен институтта оқып жүргенде атеизмнен сынақ тапсыра алмаған адаммын. «Құдай бар ма, жоқ па?» деген сұ¬раққа «Жоқ» деп жауап бере алмай кеттiм. Бiздiң отбасымызда Алла бар. Сондықтан, ата-анамыз бiздiң бәрi¬мiзге Алланың бар екендiгiн сендiрiп, не нәрсе жасасақ та адалынан жа¬сауға, тура жүрiп, тура сөйлеуге үйреттi. Дәл осы тәрбиенi бойына сiңiрiп өскен Оралханның жазушы болмауға қақысы болмады деп ойлаймын.
– Ағаңыздың сiз бағалайтын ерекше қасиетi қандай едi?
– Адамды қуантқанды жақсы көретiн. Маған жаңа киiм алып келген сайын кигiзiп көретiн. Сосын, ал кеп мақтанатын. «Көрдiң бе, мен киiмдi қалай таңдаймын-ә. Менiң тал¬ғамым өте керемет қой, байқа¬дың¬дар ма?» дейтiн сосын шаттанып. Бiз жамырай арқа-жарқа болып, мақтай¬тынбыз. Ол соған марқайып қалатын. Апам ылғи: «Жалғызымның табанын жерге, арқасын елге тапсырдым» дейтiн. Қыздарының тiлеуiн бұлай тiлемейтiн. «Бiз бесеуiмiз – бiр төбе, Оралханы – бiр төбе» едi оған.
Мен Алматыда да ағамның қо¬лында тұрдым. «Менiң үйiм тарлық жасаса ғана» басқа жаққа кетерсiң деп, менi жанынан бiр елi жiбер¬мейтiн. Ол тым сәндi киiнетiн. Соңғы үлгiдегi киiмдердiң өзiн талғаммен киетiн. Сұлулыққа жаны құмар бола¬тын. Қазiргiлер болмаса, о заманда¬ғылар онша мән бермеген жейденiң iшiне салатын орамалдардың түр-түрiн тағып жүрушi едi.
Сыртқы келбетi қаталдау болып көрiнетiн. Кейбiр адамдар жақындап сөйлесуге батылдары жетпейтiн. Бiрақ, ағамның жан-дүниесi баладай пәк болатын. Үйде жүрген кезде бiрде бiр рет ашуланғанын, дауыс көтерiп айқайлағанын көрмеппiн. Бәрiмiзге көтерiңкi көңiл-күйдi сый¬лай бiлетiн. Қалжыңдап, үйге келген кiсiлерге де қызықты әңгiмелер ай¬тып отыратын. Оның жазушылықтан өзге де өнерi болды. Жасында ағаш¬тан орындық, кiтап сөресiн жасай¬тын. Үйде жүргенде Бұқтырманың жағасына, тауға көп барамыз ғой. Сонда тауып алған тамыр ағаштарды алып, бiреуiн тауға қарап тұрған батыр сияқты етiп ойып, ендi бiрiнен аққудың бейнесiн жасайтын.
1983-1984-шi жылдары бiздiң отба¬сымыз өте ауыр кезеңдi бастан кешiр¬дi. Әймен апайымыз, әкемiз де дүние¬ден өттi. Сол жылы мен оқуды бiтiрiп, Алматыдағы Ұлттық кiтапханада қызмет етiп жүргем, ағам: «Елге не сен бар, не мен барайын. Шешемiздiң жағ¬дайы не болады?», – дедi. Мен ағам-ның шығармашылығына алаңда¬дым. Әдебиетiнiң қайнаған орта¬сында жүрсiн деп, елге оралдым. Сөй¬тiп, ауылдағы мектепте 4 жыл мұғалiм болып еңбек еттiм. Ауылға үйренiп қалған кезiмде ағам қайтадан Алма-тыға шақыртып алды.
– Сөйткен қарындасын қалай ер¬к嬬лететiн?
– Үнемi арқасына салып алып «Сен менiң белдiгiмсiң» деп көтерiп жүретiн…
– Жазу үстелiне отырардағы жай-күйi қандай болушы едi?
– Ағам қаншама шығарманы дү¬ниеге әкелдi. Осылардың барлығын қай жерде, қай кезде жазып үлгер¬генiне таңғалам. Себебi, ол үйде де, берiректе өзi отау құрғанда да «Мен шығармашылықтың адамы¬мын, маған бап керек, арнайы бөлме керек» деген әңгiменi айтпапты. Қа¬шан жазғаны, қай кезде үлгергенi белгiсiз. Әйтәуiр, кiтаптары шығып жататын. Ол өз шығармаларын сау¬сағынан сорып жазған жоқ. Санасы¬мен жазды. Тек, студент кезiмде сабақ оқып отырғанда маған бiр қарап қойып, өзi ақырын ғана жазып отыратыны есiмде.
Өте тез жазатын. Өзi жазған дүние¬сiн өңдеп те жатпайтын. «Әрбiр жа¬зыл-ған шығармам iшiмнен шықты. Мен оны өзгертуге тиiстi емеспiн» дейтiн. Оның «жазушылық кухнясы» осындай болды.
– Өзiңiз айтып кеткен «егемендiк алғаннан кейiнгi елеулi еңбегiнiң» бiрiне тоқталыңызшы…
– …Ағам 1992 жылдың шiлде айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-баевпен бiрге жұмыс сапарымен осы Ақмола облысына келдi. Ол кезде өзi – «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бас редакторы. Осы жол¬сапар жайлы үлкен мақала жазды. «Сенбiден сенбiге дейiнгi Прези¬денттiң бiр аптасы» атты мақаласын жариялады. Онда Елбасының Ақмо¬лаға келгенi, Ерейментау ауданын аралағандағы апталық сапардың мән-жайын жазған. Осы жолы Президент Ерейментауға келгенде журна¬листер¬ге ой салып: «Түбiнде астананы Ақмо¬лаға қарай жылжытуымыз керек. Бұл жөнiнде қоғамдық пiкiр қалыптастыруымыз қажет. Оған журналистер, сiздер, үлес қосулары-ңыз керек», – дептi. Президентiмiздiң осы салиқалы саясатын тез арада жүзеге асыру керек болды. Ағам Алматыға келе салысымен өзiнiң қара-мағындағы очерк және пуб¬лицистика бөлiмiнiң басшысы До¬сым¬қан Қапасов деген журналист жiгiттi Ақмолаға аттандырады. «Сен барлығын егжей-тегжейлi зерттеп, астананы Ақмолаға көшiруiмiз керек деген мәселенi көтеретiн материал дайында» , – дейдi. Тапсырма орын¬да¬лады. Сол жылдың қыркүйек айында бұл мақала газет бетiнде жарияланады. Сөйтiп, Арқаның төрiндегi кербез астанамыздың пайда болуы жолындағы баспасөз бетiндегi ең алғашқы мақаланы басып, Елба¬сының идеясын халыққа жеткiзген Оралхан ағам едi. Өзiне осының орын¬далуын көзiмен көруге жазбапты ғой…
– Ағаңыздың өмiрi туралы айт¬қанда, оның «бала сүю – арманы» бол¬ғаны да сөз болады. Құдайдан тiлеп алған перзенттерi қайда жүр? Әкеле¬рiнiң жолын қуып, жазушылық қон¬ғаны жоқ па?
–…Екiншi жеңгем Ардақтан Ай¬хан мен Айжан есiмдi бауырларым бар. Оларға әкесiнiң сөз өнерi дары¬ды, жолын қуды деп айта алмаймын. Екеуi де 3 сыныпқа дейiн ғана қазақ¬ша оқыды. Одан кейiнгi сабағын орыс тiлiнде жалғастырды. Бүгiнде Айхан КИМЭП-тi бiтiрiп, бизнес саласына қадам басты. Айжан да сол оқу орнын биыл бiтiредi. Өзiм Алматыда жүр-генде iздеп барып, көрiп тұрушы едiм. Жасырып, жабары жоқ, Астанаға ауысқалы олармен байланысымыз жоқ болып тұр. Бiрақ, «Қанына тарт-пағанның қары сынсын» деген ғой қазақ. Түбiнде өздерiнiң туыстарын табады деп сенемiн.
– Оралхан ағаның Үндiстанға барған сапарынан оралмай қалғанын бiлемiз. Орталарыңызда жүргенде сырқаты сыр берген кезi болды ма?
– Ағам Үндiстандағы бiр қонақ¬үйде көз жұмды. Көзi тiрiсiнде өкпесi, бүйрегi ауыратын аздап. Бiрақ, жүрегi ауыратынын ешқашан айтпаған. Үндiстанда да, мұнда да қойылған диагнозы – жүрек талмасы болып шықты ғой. Мүмкiн, ыстыққа шыдай алмаған болар. Сөйтiп, елуге толуына аз уақыт қалғанында ағамыздан айырылып қалдық…
– Әдебиеттегi Оралхан Бөкей өзiне лайықты бағасын алды ма?
– Алды. Көзi тiрiсiнде-ақ, бiрнеше марапаттауларды иелендi. Ең бас¬тысы, оның өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да оқырмандары көбейген үстiне көбейiп келедi. Менiңше, бұл – жазушының ғұмыры¬ның ұзақ¬тығы. Ағамның өзi өмiрден өтсе де, оның шығармалары мәңгi жасайды. Мен мұны ағамның екiншi ғұмы¬рының басталғандығы деп санаймын.

Әңгiмелескен Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + four =