Ғаламат гала-балет

0 85

_DSC6083

Кеше «Астана Опера» театрындағы Ресей халық әртісі Алтынай Асылмұратова жетекшілік ететін балет труппасы көрерменге классикалық және модерн қойылымдардан құралған жаңа бағдарлама ұсынды.

– Репертуарымызды дәстүрлі па-де-ден және па-де-систен басқа қазіргі заманғы дүниелермен байытқымыз келеді. Бұл, әрине, белгілі бір дәрежеде тәуекелді қажет ететін, бірақ өзін-өзі ақтайтын қадам екеніне сенемін. Өйткені, мұндай гала-балеттер әртістерді жаңа шығармашылық белестерге жетелейді, оның үстіне көпшілік үшін тосын нөмірлерді тамашалаған әрқашанда қызық қой. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргіздік. Соның арқасында алға қойған мақсатымызға жеткен сияқтымыз, – дейді тілшілерге мәселенің мән-жайын түсіндірген А.Асылмұратова.
Көркемдік жетекшілерінің үміт үдесінен шыққан Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері Гауһар Усина, Мәдина Баспаева, Тайыр Гатауов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Серік Нақысбеков, Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан, Әсел Құсайынова, Елдар Сәрсембаев және басқа сахна тарландары әдеттегідей талант биігінен табылды.
Концертті тамашалаған елордалықтар, әсіресе, этникалық хореографиялық «Бақсы» композиция­сын орындаған Досжан Табылды, «Шахерезада» балетінде классикалық дуэтті билеген Санкт-Петербургтегі Мария театрының солисі Анастасия Заклинская мен қазақстандық Жандос Әубәкіровтің орындаушылық шеберліктеріне қошеметпен қол соқты.

Талғат БАТЫРХАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + three =