Газдандыру: нәтиже қалай?

0 11

Газдандыру – Елбасының ауқымды жобасы. Елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін газдандыру жұмысын Мемлекет басшысы ұдайы бақылауында ұстап отыр. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын алаптарын газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Соңғы екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Агроқалашық» елді мекендерінің тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агрогородок алаптарындағы үйлерді  газға қосу қызу жүргізіліп жатыр.

cd832a803fb95244b6111b8da1fd8987

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Күйгенжар, Мичурин, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде. Бұл алаптарды жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. «Қазақауыл» (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қаланы толық газдандыру 2023 жылы аяқталады.

Тұрғын үй алаптарының тұрғындары үйді газға ауыстырудың артықшылықтары туралы айтты. Заманбек Әлкейұлы өткен жылы Көктал-2 елді мекеніне көшіп келіп, бірден үйді пешпен жылытудан газға көшіруді ұйғарған.

«Біз өткен жылы желтоқсанда көшіп келдік. Содан бері газды қолданамыз. Бұл өте ыңғайлы, әсіресе біз үшін – аға буын адамдар. Біздің отбасымыз, балаларымыз үшін де экологиялық таза. Денсаулыққа пайдалы. Барлықтарыңызды газға ауысуға шақырамын. Ауа таза болады» деді Заманбек Әлкейұлы.

«Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Мен өзім сол ауданда, жеке үйде тұрамын. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап біз газ жүргіздік. Бізге өте ұнайды. Жылы, өте ыңғайлы. Енді біздің балабақшаны да газға көшіру жоспарлануда. Бұл – бәріміз үшін қуанышты оқиға» деді Айсұлу Аусарова.

«Үйіміз жылы, таза болу үшін бізге газ құбырын жүргізеді. Бізге кез келген жағдайда көмектеседі, тіпті құжаттарға байланысты мәселе болса да көмектесіп, кеңес береді. Сізге кез келген уақытта кранды қосуға болады, сонда сіздің үйіңіз жылы, құрғақ және таза болады» деді Светлана Свобода.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 2 =