Газ тарту желілері тұрғын алаптарға жетті

0 56

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1 және ЖЭО-2 газға көшіру жұмысымен, өнеркәсіптік сектор мен тұрғын алаптарға арналған газ тарату желілерінің құрылысымен танысты.Бүгінгі күні газ тарату желілері «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Агрогородок» тұрғын алаптарындағы бірқатар үйлерге жеткізілді. Тұрғындарға ақысыз негізде есептегіш құралдар орнатылады.
Газ құбыры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынып жатыр. Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырды.
– Астананы газдандыру – Елбасының тарихи жобасы. Газ өткізу қаланың экологиясына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмірін едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді. Газ тарату желілерін салу жұмыстары «Промышленный», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алаптарынан басталды. «Көктал-1» және «Железнодорожный» тұрғын алаптарындағы әлеуметтік нысандарды газға биыл жазда қосамыз, – деді А.Көлгінов.
Өнеркәсіптік сектор мен тұрғын алаптарды газдандыру үш кезеңмен өтеді. Биылғы жылыту маусымында «Көктал-1», «Көктал-2», «Агрогородок», «Промышленный», «Железнодорожный» тұрғын алаптары газбен қамтылады. Ал «Оңтүстік-Шығыста» жұмыстар жалғасып жатыр.
Екінші кезеңде «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар», «Тельман», «Пригородный», Garden Village және Family Village, ал үшінші кезеңде «Ильинка», «Шұбар», «Өндіріс» газдандырылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2020-2023 жылдарды қамтиды. Газ тарту қаладағы зиянды қалдықтардың алты есеге, қатты заттардың 40 мың тоннаға дейін азаюына мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =