Газ тарту желілері дайын ба?

0 8

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-1/ЖЭО-2 газға көшіру және өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамту үшін газ тарататын желілерін салу жұмысымен танысты.Биылғы жылыту маусымы аяқ­талғаннан кейін жабдықтарды бөлшектеуге кірісу, сыртқы желілер мен т. б. жұмыстарды жүргізу жос­парланып отырған көрінеді.
Елордаға газ тарту құбыры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес салынды. Бас шаһарды одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ­Тоқаев қаланы газдандыру процесін бақылауға алуды тапсырған еді.
Елорда басшысы Алтай Көлгінов күнделікті атқарылған жұмысты жіті тексеріп, оның қарқынын төмендетпеуді атап өтті. Қаланың өнеркәсіптік секторы мен елді мекендерді газдандыру үш кезеңде өтеді: келесі жылыту маусымында «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық», «Промышленный», «Железнодорожный», «Оңтүстік-Шығыс» елді мекендері көгілдір отынмен қамтылады. Екінші кезеңде: «Мичурино», «Интернациональный», «Күйгенжар» (1-2 ІКҚ), «Тельман» (3 ІКҚ), «Пригородный», «Garden Village» және «Family Village» (4 ІКҚ) елді мекендеріне тартылады. Үшінші кезеңде «Ильинка» (1-2 ІКҚ), «Шұбар» (3 ІКҚ), «Өндіріс» (4 ІКҚ) газдандырылады. Іске асыру мерзімі 2020-2023 жылдарға есептелген.
Сондай-ақ қала тұрғындары үшін әкімдікпен ақысыз негізде есептегіш қарастырылған. Көгілдір отын шаһардағы зиянды қалдықтардың алты есеге, қатты заттардың 40 мың тоннаға дейін азаюына мүмкіндік береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды