Газ баллонын байқап алыңыз

0 83

Көктем келiп, жылу маусымы аяқталуға таяса да өрт жалыны өршiп тұр. Әсiресе, газ баллондарын тасалап келетiн «тiлсiз жау» соңғы кездерi жиi иектеп жүр деп естимiз. Мұның себеп-салдары неде? Сапасыз көгiлдiр отын сатушыларды қалай бiлемiз? Осы сауалдарға жауап iздеп Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментiне хабарласқан едiк. Өрт сөндiру қызметiнiң баспасөз жетекшiсi Аягөз Фазылова жауап бердi.

– Жыл басынан берi қанша өрт оқиғасы тiркелдi, олардың денiне себепшi болған қандай келеңсiздiктер?
– Қаңтарды алғашқы күнiнен кешеге дейiн елордада 246 өрт оқиғасы тiркелдi. Бұл – өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 25 пайызға артып отыр. Әлгi көрсеткiштiң 57-сi, яғни ең көбi жер үйлердегi пештердiң ақаулығынан болған. 51-i электр қондырғылары мен жүйелерiн пайдалануда өршiген. Бiр айта кетерлiгi, 67 төтенше оқиға автокөлiктердегi электротұйықталулардан шыққан.
– Келтiрiлген шығын көлемi ше?
– Өрттен келетiн шығын аз болмайды ғой. Өткен үш айдың өзiнде 5 адам қаза тауып, 15 адам түрлi жарақат алса, 626 мың теңге жалынның құшағында кеттi.
– Соңғы кездерi газ баллондарынан шығатын өрт те жиiледi деп естимiз…
– Иә, астаналықтарға ескертерiмiз, пропан газдарын тек лицензиясы бар кәсiпорындардан ғана сатып алу керек. Өйткенi, баллоннан шыққан өрт жыл басынан берi жетеу! Бұл да аз емес.
– Жылу маусымы аяқталуға таяу. Ендiгi өрттiң шығу қаупi қандай жағдайда басым?
– Көктем келген соң, тазалық жұмыстары басталады. Тұрғындар жинаған қоқыстарын көбiне өртей салғанды жөн көредi. Сосын күн қызуы артқан кезде дала шөптерiнен тұтанып жатады. Мұндай қауiптердiң алдын алу жұмыстары басталып кеттi. Арнайы рейдтер ұйымдастырып, жер үйлерде тұратын азаматтарға жадынамалар таратылуда. Дауысзорайтқыштар арқылы түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлуде

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =