Футболдан турнир өтті

0 14

Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы елордалық жамағат арасында футболдан спорттық жарыс ұйымдастырды. Іс-шара «Астана-Арена» стадион кешенінде өтті.

image-03-10-21-02-49-3
image-03-10-21-02-49-9
image-03-10-21-02-49-10
image-03-10-21-02-49-1
previous arrow
next arrow

Жарыс бірлік пен ынтымақты насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Өткізілген спорттық іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады.

Жарыстың ашылу рәсіміне сөз сөйлеген Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы басшысы Нұрдәу лет Әлмұханов еліміздің әрбір азаматы өз денсаулығын күтіп, елдегі спорттық іс-шараларды қолдап, уақыттарын пайдалы өткізу керектігін атап өтті.

«Бұл турнир бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында ұйымдастырылып отыр. Елордалық жамағат футболды халықтың арасында кеңінен насихаттауда, дәріптеуде үлкен үлес қосып жүр. Жастарға үлгі болады деп сенеміз» деді Н.Әлмұханов.

Футболдан өткен жарыста «Ақ ниет» командасы бірінші орынды иеленді, «Самғау» екінші орынға жайғасты, ал «Байқоңыр» командасы үшінші орынды қанжығасына байлады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мерекелік шара ұйымдастырушыларының атынан сыйлықтар табысталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 5 =