Француз көрермендері тамашалайды

0 16

Қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен жапондық режиссер Лиза Такэбаның «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шығуға дайындалып жатыр. Фильмнің продюсері Юлия Кимнің айтуынша, француз көрермендері кинотуындыны үлкен экраннан алдағы 16 желтоқсаннан бастап көреді.

– Пандемиямен байланысты үлкен қиындықтарға қарамастан, кинокартина Бусан, Токио, Гетеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді. Жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ байқауында көрсетілетін болады, – деді продюсер.
Туындыда тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның 12 жасар баласы Олжас, барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге тартады. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады.
Кинода басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, танымал актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды.
Фильмнің өндірісіне «Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компания­сы атсалысты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 8 =