Францияда көрсетілді

0 30

Қазақстан режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов пен Жапония режиссері Лиза Такэба бірлесіп түсірген «Барымташылар. Уақыт жолдары» фильмі Францияда прокатқа шықты.

Кинотуындының продюсері Юлия Кимнің айтуынша, картина Францияның 21 қаласында көрсетіледі. Осы аптада Париждегі Espace Saint Michel кинотеатрында фильмнің арнайы көрсетілімі өтті. «Осы бір жарым жыл ішінде қаншама төгілген тер, атқарылған жұмыс жатыр. Пандемияға байланысты Франциядағы тұсаукесер үш мәрте кейінге шегерілді. Дегенмен қиындыққа қарамастан үмітіміз үзілмеді. Фильмнің түсіру тобы мен актерлерімізді осы қуанышпен құттықтаймын» деп жазды продюсер өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, өндірісіне
«Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы атсалысқан фильм Олжас есімді 12 жастағы бала туралы. Оның әкесі барымташылардың қолынан қаза тапқан. Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова, танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда, Мәди Минайдаров және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 16 =