Финалда – «Астана» мен «Қайрат»

0 79

Қазақстан Кубогының жартылай финалында елордалық «Астана» павлодарлық «Ертіс» командасынан басым түсті. Есеп – 5:3. Сырт алаңда өткен алғашқы ойында да 2:1 есебімен астаналықтар жеңген еді.

44f7705a8475

«Астана» алғашқы минуттардан алға озып, 4-минутта есеп ашып кете жаздады. Дегенмен көп ұзамай, 19-минутта бірінші гол салынды. Көзге түскен – Джордже Деспотович. Одан кейін Патрик Твумасиден тамаша пас алған Джуниор Кабананга 35-минутта есепті еселеді.
Тез ес жиып үлгерген қонақтар таразы басын 1-таймда теңестіріп тастады. Алдымен Арман Смаилов 37-минутта гол соқты. Ал 43-минутта салған Карлос Фонсеканың голымен есеп 2:2 болды.
Екінші тайм басталысымен «Ертіс» тағы бір гол соғып ерледі. Арман Смаилов қос голдың авторы атанды. Бұған жауапты 61-минутта елордалықтардың қатарынан Кабананга берді.
Ойын соңына қарай Станимир Стойлов шәкірттері гол санын екіге арттырып, айқын басымдық танытты.
Енді «Астана» финалда «Қайрат» командасымен кездеседі. Алматылықтар «Атырау» клубын жолда қалдырды.
Финалдық матч 19 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

2016_12_04__05_22_06__487Патрик Твумаси,
«Астана» командасының ойыншысы:
– Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Үш күн бұрын Еуропа лигасын өткізіп, біраз шаршап қалдық. Соған қарамастан, ес жиып, жақсы ойын көр­сеттік. Финалдағы қар­сы­ласымыз «Қайрат» – күшті команда. Жаттығуды күшейте түсу керек. Күрделі ойын күтіп тұрғандықтан, дайындыққа қатты көңіл бөлеміз. Қайткенмен, жеңуге барымызды саламыз.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + seven =