FIDIC САПА СТАНДАРТЫ ЕНГІЗІЛДІ

0 105

Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі автомобиль жолдарының сапасын сынға алып, бұл бағытта жаңа технологиялардың жұмыс істемейтінін атап өткен болатын. Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев автокөлік жолдарынының даму перспективасы жайлы баяндап берді.

 

– Қазіргі кезде жол саласында бірнеше проблемалар бар. Еліміздегі жолдардың 33 пайызының сапасы сын көтермейді. Жөндеу жұ­мыс­тарының сапасын жақсарту керек. Осы мәселелерді шешу мақса­тында біз келе­сідей жұ­мысты қолға алдық: биыл біз 5898 шақы­рым жолға жөндеу жұмыс­тарын жүр­гіздік. Сондай-ақ, Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай мега жобасында қазіргі кезде қарқынды жұмыс атқарып жатырмыз. Биыл жоспар бойынша 806 шақы­рымын салуымыз керек болса, бүгінгі күні оның 710 шақы­рымын салдық. Қал­ғанын осы жыл­дың аяғына дейін біті­реміз деген үмітіміз бар, – деді министр.
Президент берген тап­­сырмаға сәйкес Астана – Павлодар, Астана – Те­мір­тау, Алматы – Қапша­ғай жол учас­ке­ле­рінде құрылыс жұмыс­та­ры бас­та­лыпты. Жаңа технология­ларға арналған 40 экспе­ри­мен­тальді учаске бар. Мем­лекет басшысы айт­қан моно­литті темір бетон тех­но­логиясын қа­зір сы­нақ­тан өткізіліп жатыр. Пилот­тық жоба қа­зіргі кезде жақ­сы нәтиже көр­сетуде. Сы­нақ­тан өт­кен­нен соң, ол қол­да­нысқа енгізілмек.
– Сыбайлас жемқор­лықты болдырмау, баға­лауды күшейту мақса­тында басқару құры­лы­мын өзгерттік. FIDIC ха­­лық­а­ра­лық сапа стандартын енгіздік. Енді жол сапа­­сын осы стандартқа сәй­кес бақылауда ұс­тап отырмыз», – деп министр Асқар Жұма­ға­лиев тағы бір соны жа­ңа­лықпен бөлісті. Сон­дай-ақ, автомобиль жол­дарын басқарудың авто­маттан­ды­рылған жүйесі әзір­леніп жатқанын, ол дайын болғаннан кейін жүр­­гі­зу­шілер жолдың сапа­сын көре алатынын және бағытты жоспарлай ала­тынын жеткізді. Сыбай­лас жемқорлықты жою мақсатында стацио­нар­лық бекеттерде автомат­тандырылған аркалар орнатылатынын, биыл осындай 13 арка қойылатынын, келесі жылы 31 арка орнату жоспарланғанын, 2015 жылға қарай олардың саны 80-ге дейін жететінін айтты. Со­нымен бірге Елбасының тап­сырмасымен Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы дайындалып жатқанын 2020 жылға қарай қолданыстағы жолдардың 29 мың ша­қырымын жөндеуден өт­кізуді жоспарлап отыр­ғанын хабарлады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen − 7 =