Фатима әжейдің балалары

0 102

«…Баяғыда Одақтай деген­ қария болыпты. Оның Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Орыс, Татар,­ Башқұрт, Тәжік… деп кете беретін он бес баласы болыпты. Он бес бала есейіп, ер жетіпті. Он бес республика­ құрыпты. Бірақ, бәрі әулеттің үлкені Одақбайға бағынған екен…»

Бүгінде қамқорсыз қалған он екі баланы бауырына басып, бір шаңырақ астында өсі­ріп отырған Фатима ананың тір­ші­лігі осы бір әңгімені еріксіз еске түсіреді. Расында, оның отбасы, әулеті – құрау-құрау. Бауырына басқан балалардың ұлты әртүрлі. Бірі – орыс, бірі – өзбек, бірі – татар, бірі – қыр­ғыз,­ енді біреулері – қазақ­тың­ бала­лары.

Өкініштісі сол, Фатима ана балаларына мемлекеттік тілде тәрбие беріп, нағыз Қазақстан азаматы етіп өсіргісі келсе де,­ әзір­ге бұған толық жол таба алмай келе жатыр. Оған себеп, тәр­бие­ші етіп саналы,­ педа­го­ги­ка­лық білімі бар адам іздесе де, көп жағдайда ұшы­ра­сып жат­қан­дар орыстілді келін­шек­тер екен. Бірақ, сонда да қам­қор әжей шама-шарқынша өз мақсатына ұмтылып келеді. Бала­лар­­дың қайткен күнде де мемле­кет­тік мұратқа селқос қара­май­тын, елінің тәртібі мен­ за­ңын сыйлайтын, ең бас­ты­сы, қазақ тілін білетін азаматтар болып өсуі­ үшін, өз елі­нің то­лық­­қан­ды, саналы, абы­рой­лы­ тұл­­ға­­ла­ры ретінде қалып­та­суы­ үшін күресіп келеді.

Фатима Хабибуллақызының мұндай мақсат ұстануы тегін емес. Өзі ұлты шешен болса да, осы елдің иесі, жердің иесі қазақ халқынан аз жақсылық көр­ме­генін айтады.

«Біз 1944 жылы осы Ақмола өңіріне жер ауып келгенбіз. Қазір­гі Астананың іргесіндегі Қажы­мұ­қан ауылына келген едік. Мен ол шақ бар болғаны он бір жаста едім. Жергілікті халық бір үзім нанына дейін бөліп беріп, бізді құшақ жайып­ қар­сы алды. Арамызда үйі жоқ­тар­ды үйіне тұрғызып, төсе­ніш,­ ыдыс-аяғына дейін бөліп беріп, қолғабыс етті» дейді.

Бой жеткен соң, қазіргі Та­лап­­кер­ ел­ді мекеніне ұза­тыл­ған Фа­ти­ма ана өзі де бір­не­ше­ құрсақ көтеріп, ұл-қыз­да­­рын дүниеге әкелген еді.­ Адал еңбектің күшімен аяқтан тұрған жас отбасы Ақмо­ла­ның­ өзіне қоныс аударады. Сөй­тіп, осында жеке кәсіппен шұғыл­да­нып, дәулет жинайды. Үлкен сауда кешенін салып, біраз елге жұмыс орнын ашып береді.

Отбасындағы алған тәрбиесі бойынша ислам дініне берік, мұсылмандық қағидаттарын өміріне серік еткен ана бер­тін­де­ жетім балаларды бауы­ры­на баса бастады.

«Оларды жетімдер дей ал­­май­мын. Бәрі де менің балаларым. Бірін жаңа туған кезінде әлдекім әкеліп, есігімнің алдына қойып кетсе, енді бірін «асы­рап­ ал» деп, өтініш жа­сап,­ қолыма әкеліп тастаған. Кей­бі­р­еу­ле­рін қам­қор­сыз, дала­да жүр­ген жерінен көріп, үйі­ме алып келгенмін. Қазір тұрақ­ты дәрігеріміз бар. Ба­ла­ларды жиі-жиі тексеріп, қа­да­ға­лап отырады. Ауру-сырқауы болса, ем-дом жасап тұрады. Балалардың алды мектепке бара­ды. Ал жазғы демалысты мүм­кін­ді­гіме қарай ел көрсін, жер көрсін деп, оларды дема­лыс орындарына апарып тұра­мын»­ дей­ді Фатима ана.

Расында да, Фатима ана ба­ла­­ла­­ры­на аса қамқор. Олар­дың­ бәрін өз туғанындай көреді. Үлкен аналық ниетпен «елім­нің­ ертеңгі азаматтарын өсіріп жатырмын» деп санайды.

Қазақ­стан­да­ғы ха­лық­тар дос­­ты­­ғы кү­ні 1 ма­мыр – Фати­ма­ ана­ның туған күні. Бұл күні үбір­лі-шүбірлі үлкен отбасы кең дастарқан басында ортақ қуа­ны­шын атап өтеді.

P.S. Осы мерекеден кейін қам­­қор­­сыздарға пана болған мейір­бан әжей кезекті сапа­ры­­на­ ат­тан­бақшы. Ол – умра қа­жы­­лық. Биыл отыз алтыншы­ рет қажылыққа бар­ға­лы отыр­ған­ ана қай­ кез­де де елінің аман­ды­ғы мен­ сә­би­­лер­­дің бақы­тын­ ті­лей­ді.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 10 =