EXPO- 2017:Көрмеден не көрдіңіз?

0 106

Петер ВИСКОВСКИЙ, Австрия:rrr

– Көрме кешенінің инфрақұрылымы өте ыңғайлы жасалған. Мұнда Астана экономикалық форумына қатысатын болғандықтан, әлі біраз күн осында боламын. Әлем павильондарымен танысуға мүмкіндігім бар, әсіресе, АҚШ, Венесуэла елдерінің тақырыптық павильондары қызықтырады. Астанаға алғаш келіп тұрмын, архитектуралық түрлілігімен Лас-Вегасқа ұқсайтын әдемі қала екен.

Вера СВАНСОН,  АҚШ

rrrr

– Мен АҚШ университетінде биология факультетінің «Қоршаған ортаны қорғау» мамандығын бітірдім. Ата-әжеміз 1990 жылдары Қазақстанның Жамбыл облысынан АҚШ-қа қоныс аударған екен.
Мен АҚШ павильонына келген қонақтарға таныстырушы студенттердің қатарындамын. Қазақстанға ең алғаш 2015 жылы оқу мақсатында келгенмін. Астана, Ақтау, Алматы секілді әсем қалаларды көрдім. Ұлы Жібек жолы бағытымен Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларын аралап, Шарын шатқалы мен Қайынды, Көлсай көлдерінің сұлулығын тамашаладым.
Қазақстан мені таңқалдырады. Қазақ халқы қонақжай, ашық, еркін, адаммен тез тіл табысып кетеді. Сонымен қатар, батыстағы ландшафты өлкенің кереметтігіне сөз жоқ. Астананың айналасы дала болса да, әдемі. Батқан күннің өзі картинаға ұқсайды. Өзім осында келгеніме қуаныштымын.

Лу ДЖЭ ПИН, Қытай

rr

– Мен АҚШ-тың Питсбург университетінің студентімін. Мұнда Шанхай қаласынан келгеніме бесінші күн болды. Маған, әсіресе, Астананың ауа райы ұнады. Шанхайда күн ыстық болса, мұнда қоңыр салқын, самал ескен жел. Күн шығып тұрса да, адамға өте жайлы ауа райы екен. Өзім Австралия, Германия, Голландия елдерінің павильонын тамашалап үлгердім, бәрі керемет экпозициясымен ерекшеленеді. Көрме кешенінің архитектуралық көрінісі де өзгешелігімен ұнады.

Александра АЙРОН, Алматы

rrrrrrr

– Әуежайдан түскен бойда ЭКСПО көрмесін тамашалауға асықтым. Келген бойда Испанияның, Венгрия­ның, АҚШ-тың павильондарымен таныстым. Маған бәрі ұнады, жаңа технологияға деген қызығушылығым артты. Әсіресе, Испанияның павильоны таңдай қақтырады, келушілерге ең алдымен Испания павильонын тамашалауға кеңес берер едім.
Көрме кешенінің аумағы өте кең екен. Еріктілер тобы да керек кезде көмекке келіп, жақсы жұмыс істеп жатыр. Жаз байы болатын көрмені тағы да тамашалауға келетін боламын және елімізге әлі талай қонақтар келетініне сенімім мол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 16 =