Еуропа төрінде – «шахмат патшалығы»

0 356

Ригада басталған Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында «balapan» телеарнасының тапсырысымен Дәрмен Сәдуақасов шахмат академиясы дайындаған «Шахмат патшалығы» анимация­лық мультхикаясы таныстырылды.

Аталған мультхикая 32 бөлім­нен тұрады және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әзірленген. Жобаның мақсаты – сапалы 3D анимация жасау ғана емес, сонымен қатар, 4 жастан асқан балаларға шахмат ережелері мен негізгі қағидаларын үйрету және логикалық ойлау жүйе­лерін қалыптастыру.
Ашылу салтанатына ФИДЕ президенті Кирсан Илюмжинов, Латвияның Қаржы министрі, халықаралық гроссмейстер Дана Резница, Латвияның Білім министрі, Рига қаласының вице-мэрі, белгілі жаттықтырушылар, танымал шахматшылар және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
Айта кетерлігі, 30-шы тамызға дейін жалғасатын әйгілі шахмат додасына 47 еуропалық шахмат федерациясынан 1000-нан аса балалар қатысуда.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + six =