©2020 Астана Ақшамы
ЕуроОдақ сертификатын иеленді
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ЕуроОдақ аумағына авиациялық жүк тасымалын ұйымдастыруды жеңілдетудің қажетті шарты болып табылатын RA-3 сертификатына ие болды.
Елордалық әуежай – мұндай мәртебені иеленген еліміздегі жалғыз нысан. Бұл сертификат барлық әуе компанияларына қандай да бір шектеусіз біздің әуе айлағымыздан ЕуроОдақ елдеріне жүк тасымалдауға мүмкіндік береді. Сертификат елордалық әуежайдың жүк терминалында жүктерді өңдеу процесі еуропалық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келетіндігін растайды.