ЕУРАЗИЯЛЫҚ МЕДИА ФОРУМ БАСТАЛДЫ

0 135

ERA_8170Бүгін Астанада ХII Еуразиялық медиа форум өз жұмысын бастады. Екі күнге созылатын дәстүрлі конференцияның күн тәртібіндегі басты мәселе – жаһандану үдерісіндегі ғаламдық экономикалық жағдай. Сондай-ақ, халықаралық форумға жиналғандар Иранның ядролық бағдарламасын, Таяу Шығыстағы саяси жағдайды, қазіргі Украинаның ахуалы мен Еуразиялық интеграция мәселелерін кеңінен қарастырмақ.

Әлемдегі жетекші журналистердің, саясаткерлердің, қоғамдық пікір көш­бас­шылары мен медиа-сарап­шы­лар­дың жыл сайынғы кездесуіне ресми тіркеу кеше басталды. Жан-жақтан келген қатысушылар Тәуелсіздік сарайына ат басын бұрып, форум бағ­дар­ла­масымен танысты.
Айтулы шараның ашылу салтанатын танымал журналист Риз Хан жүргізеді. Спикерлердің қатарында Нобель сый­лы­ғының лауреаты Мохамед әл-Барадеи, Ресей теле­жүр­гі­зу­шісі Владимир Познер және басқа да қатысушылар бар.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін бұл шараның маңызы айтпаса да түсінікті. Өйткені, Қазақстан әлемдік мәсе­лелердің шешілуіне барынша үлес қосып келеді. Он екі жылдан бері ұйым­дастырылып келе жатқан шараға талай танымал тұлға­лар қаты­сып, жаһанды алаңдататын жайттар талқыланды.
Сонымен, алғашқы пленарлық отырыста ғаламдық дағдарыстың сал­дары, жаңа әлемдік тәртіп мәселелері қарастырылады.
Сессияның екінші отырысында «Иранның ядролық бағдарламасы. Кім ұтты, кім ұтылды?» тақырыбы ортаға салынбақ. Себебі, әлем алдында АҚШ пен Иран арасындағы бейбітшілікті сақтау мақсаты тұр.
Сессияның үшінші отырысында талқыланатын мәселе – Таяу Шығыстағы ахуал. Соның ішінде «Сирияға химия­лық­ қару қайдан келді?», «Өзге елдердің мемлекет ісіне араласуын Сирия қалай қабылдайды?» деген сауалдарға сарапшылар тарапынан жауап беріледі.
Әрине, қоғамды алаңдатқан Украи­на­­дағы жағдай да тақырып арқауына айналмақ. «Украинадағы дағдарыс. Халық қандай жолды таңдайды?» деген сауалдың жауабы сессияның төртінші отырысында қаралады.
Біртұтас экономикалық кеңіс­тік­ құру, ортақ валюта енгізу мәселесі, жұмыссыздық, әлеуметтік бағдар­ла­ма­лар секілді күн тәртібіндегі түйт­кіл­ді мәселелер де шет қалмақ емес. Кәрі де, жас та талқылайтын бұл тақы­рып­тар­дың әу-жайын ендігі жерді нағыз маман­­дар­дың өзінен еститін боламыз.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 4 =