ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ЕРТЕҢІ

0 121

Мыңжылдықтардан бастау алатын ұлы даланың көне шежірелері әдетте өркениет атаулының кіндігі болып табылады. Ұлы далада салтанат құрған сан ғасырлық өрке­ниет мемлекеттік тарихты жасады. Демек, Еу­ра­зия атты алып құрлықтың барша мәде­ние­ті мен өркениеті ұлы даламен ты­ғыз байланысты. Сол ұлы даланы мекен еткен дала перзенттерінің ықпалымен ұлы тайпалар қалыптасты. Тарихтан білетіні­міз­дей, Скифтер мемлекеті, Ұлы Ғұндар империясы, Түрік қағанаты, Алтын Орда, одан берідегі Ресей империясы мен Кеңес Одағы – Ұлы Еуразиялық идеяның тамырлары саналады.

Алайда, қазақ халқының алдында жаңа мем­лекет құру идеясы тұрды, халықтың оның күрделі мәселелерін үздіксіз шешуіне тура келді. Солай Еуразия құрлығында мақсаты айқын, межесі биік Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрылды. Оның көш басында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұрды. Қазақстанның жиырма бір жылдың ішінде қалай қарыштап дамығаны, әлемдік аренада қандай беделге ие болғандығы, халықаралық деңгейдегі рөлі әмбеге аян. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезең де халықтың көз алдында. Ғасырлар бойы бабалардың асыл арманы болып кеткен тәуелсіздік атты қастерлі ұғым қазақ даласында да пайда бол­ды. Қазақ ұғымында қалыптасып, өз­­­ге­­ше сипат алды. Егемен еліміздің бас­шы­­сы Нұрсұлтан Назарбаев басқа мемлекет­тер­мен ғасырлар бойы қалыптасқан эконо­микалық, рухани және саяси байланыстарды үзген жоқ. Қазақстан мемлекеті заманауи мемлекетаралық қатынастарда да өзінің тың идеясымен дүниежүзін өзіне қаратты. Елбасының еуразияшылдық идеясы жаңа бағытта, жаңа тұрпатта өрбіді. Алдымен Нұрсұлтан Әбішұлы айтулы идеяны жүзеге асыру үшін Еуразиялық бірлік идеясы төңірегіндегі белді тұлғалар мен белгілі ғалымдардың, сарабдал саясаткерлердің ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз мем­ле­­кет­тердің қарапайым азаматтарының да санасына сіңірді. Өткен ғасырдың екін­ші жартысында көрнекті ғалым Лев Гумилевтің бастамасымен бірқатар ғалым­дардың еуразияшылдық ұғымы ғылыми кеңістікке шыққаны белгілі. Дегенмен, бұл фило­софиялық ұғым ғалымдардың ха­тын­да теория ретінде келе жатқан еді. Осынау асқақ ұғымды Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренаға алып шықты. Аталған фор­мула тұтас құрлықты ұйыстырған ықпалдастық тұжырымдамасы ретінде, тіпті, жаңа келбетке, жаңа сипатқа ие болды. «Еуразиялық Одақ қажет. Бұрынғы Кеңес Одағының Республикаларын бір­тұтас қоғам құруға тарихтың, тағдырдың өзі дайындағандай. Бізге байланыс пен бас­қа­рудың тетіктері мен тәсілдері ортақ, біздің менталитетіміз, бүкіл болмыстарымыз ұқсайды. Бір-бірімізге сенім білдіру маңдайымызға жазылған. Біз Одақ деген сөз­ден қорықпауымыз керек. Жанымызда Еуропа­лық Одақ та тамаша өмір сүріп жа­тыр емес пе» деген еді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылғы наурыз айында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің ұстаздары мен ғалымдарының алдында сөйлеген сөзінде.
Еуразиялық идеяның басты өзегі – эко­но­­микалық қана емес, рухани бірлікті де­ лайықты деңгейде сақтай отырып, әр­ мем­лекеттің өз идеясымен дамуына то­­­­лық мүмкіндік беру болып табылады. Идея­­­ның бағыты дұрыс, бағдары айқын бол­­ғандықтан да бұл бастамаға белгілі ғалымдар мен саясаткерлерден бастап, қарапайым еңбек адамдарына дейін қызу қолдау көрсетіп келеді. Сондықтан да бұл идеяның тарих үшін маңызы зор болмақ.

Еліміз – әлемдегі ядролық қарудан ең бірінші болып бас тартқан мемлекет. Барлық мәселелерді бейбіт жолмен шешуде басқа мемлекеттерге үлгі көрсетуге лайық десе де боларлықтай. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев еуразиялық интеграцияны еріктілік пен теңдік негізінде жүзеге асыруды ұсынды. Тәуелсіз мемлекеттер қазірде еуразиялық интеграцияның негізгі қатысушылары болып табылатындықтан, бұл мемлекеттер еуразиялық саясаттың мықты және ықпалды субъектілері болып есептеледі. Қай кезде де Елбасының авторлық идеясынан туындап, аз уақыттың ішінде-ақ зиялы қауым мен қарапайым халықтың тарапынан мейлінше қолдау тапқан еуразиялық идея – Қазақстан тарихының жаңа беттері.

Бұл тұрғыдан да қазақ халқы әлем алдында өзіндік болмысымен ерекшеленеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тың идеясымен, жарқын бастамасымен бабалар аманатына қылау түсірмей, осынау ұлы даланың қасиеті мен халықтың тегін өзгелерге де мойындата білді. Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ халқының алдында екі бірдей тарихи рөлді өз мойнына алды. Тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалады және оның жолын жаңғыртты. Ал, тарихта мұндай жауапкершілікті толықтай көтере білу, халық сенімін барынша ақтау – сирек құбылыстардың бірі. Елбасы қазақстандық қоғамды «Қазақстан халқы» деген жалпы адамзаттық идея аясына біріктіре келе, мемлекеттің маңызды міндеттерін алға қойды.
Бүгінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың Еуразиялық идеясы өзінің өмір­­шеңдігін дәлелдеді. Бұл жағдай Кеден­ Ода­ғын, Біртұтас Экономикалық Кеңіс­тік­ті құру барысында, сонымен қатар мемлекет­ басшыларының 2015 жыл­ға қарай Еуразия Экономикалық Одағын құру туралы шешімін қабылдау кезінде анық көрінді, сол себепті идеяны қолдаушылардың са­ны уақыт өткен сайын артып келеді. Сон­дық­­тан Еуразиялық Одақ идеясы еш­бір мемлекеттің ұлттық тәуелсіздігіне нұқ­­сан келтірмей, тек қана Еуразия жұрт­шы­­лы­ғы­ның­ экономикалық әлеуетін арттыра түсу жолында қызмет етпек.

Хамит ЕСАМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =