Еуразия кеңістігіндегі ҚАЗАҚСТАН мен РЕСЕЙ

0 123

Бүгін Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтетін «Еуразия кеңістігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту» атты Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынты­мақ­тастығы XIII форумының пле­нарлық отырысына қатысады.

Ақорданың ресми сайтының мәліметінше, іс-шара аясында Мемлекет басшысының Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ олар Қазақстан-Ресей бизнес-форумына қа­тыспақ.

Қос тарап басшылары қатысатын форумның та­қырыбы – «Еуразия кеңіс­тігінің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту».

Форумның пленарлық оты­рысынан кейін бірқатар екі­жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + 18 =