Еуразия: бүгіні мен болашағы

0 267

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Еуразияның этностық-мәдени үдерістеріндегі Қазақстан-Ресей  қарым-қатынастары: тарихы мен бүгінгі жағдайы» тақырыбында отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Оған М.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің, Еуразия эко­номи­калық қауымдастығы стра­тегиялық зерттеулер инсти­ту­ты­ның, Халықаралық түрік ака­де­миясының, Ресей Федерация­сы Президентінің жанындағы мем­лекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясының, РҒА тарих институтының, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы инс­титу­тының мамандары, көрнекті ғалымдары мен қоғам қайраткерлері, ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бұл басқосуды ашқан университет ректоры Ерлан Сыдықов өз сөзінде біздің өткен тарихи жолымыз Қазақстан-Ресей қарым-қатынасындағы көптеген өзекті мәселелерге түсіністікпен қарап, оларды ойдағыдай шешуге мүм­кіндік беретінін атап өтті.

Дөңгелек үстелде М.Ло­мо­носов атындағы ММУ Азия және Африка елдері инсти­туты­ның президенті, тарих ғылым­да­ры­ның докторы, профессор М.Мейер «Түрік-славян байланыстары: Ресей және Осман империясының тәжірибесі», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, академик Ғ.Шалахметов «Еуразия: бүгіні мен болашағы», ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған «Еуразиялық ықпалдастық мәселелері Қазақстан ғалымдарының еңбектерінде», ҚР ҰҒА академигі, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Қасқабасов «Ресей ғалымдары және қазақ фольклоры», М.Ло­моносов атындағы ММУ Азия және Африка елдері институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Сыздықова «Еуразия – бір мәдени-тарихи кеңістік», ҚР ҰҒА академигі, еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Көмеков «Еура­зиялық идея тарихи тараптан» атты тақырыптарда сөз сөйледі.

Басқосуға қатысушылар қа­ралған мәселелер бойынша тиісті қарар қабылдады.

Мақсұтбек Оташев

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 5 =