Этномәдени бірлестік жетекшілері марапатталды

0 241

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында мемлекет мүддесі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттау шаралары әлі де жалғасып жатыр. Елорда әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар мүшелері «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен және ҚХА-ның «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.

kbb_6276-kopiya3

Қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің нығаюына үлес қосып жүрген елордадағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне марапатты Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев табыс етті. «Қаламыз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Қаншама шаруалар атқарылып, толайым табыстарға қол жеткіздік. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында жүріп, сіздер де осы жетістікке елеулі үлес қостыңыздар. Бірақ осымен тоқта­лып қалуға болмайды. Келер жылы бізді бұдан да биік, жауапты кезеңдер күтіп тұр. Соның бірі әрі бірегейі – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі. Сіздер де күллі әлем назарын аударып отырған бұл шараның өз деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысады деп сенемін» деп атап өтті Ермек Аманшаев.
Салтанатты шара барысында бас-аяғы 15 адам марапатқа ие болды. Олардың үшеуіне Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолындағы еңбегі үшін ҚХА-ның «Бірлік» медалі табысталды.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 4 =