Етке мұқтаж жандар өтініш беруде

0 41

Онлайн құрбандық шалуға арналған «qurban2020.kz» сайтында мұқтаж жандар құрбандық етіне тапсырыс бере алады. Сайт арқылы өтініш берсеңіз болғаны еріктілер үйіңізге жеткізіп береді. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтің мәліметінше 28 шілдеге дейін етке мұқтаж 2,5 мың адам онлайн өтініш жасап үлгерген. Бұл туралы бас имам «Құрбан шалу рәсімін ұйымдастыру шаралары» тақырыбында өткен онлайн баспасөз мәслихатында айтты.

– Бүгінгі күні сайтқа 2,5 мың адам «ет жағынан көмек берсеңіздер» деген мұқтаждығын білдірді. Қазір 150-ден астам қой мен 5 ірі қараға тапсырыс келді. Бұл жерде сенімсіздік болмауы керек, – деді ол.
Құрбан (араб.: «жақындау») сөзінің шариғаттағы терминдік мағынасы – Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты. Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбарға байланысты шыққан. «Қазақ елі Әбу Ханифа мектебінің талаптарын ұстанады. Ол – мектептің құрбандыққа қатысты үкімі уәжіп, міндет. Әбу Ханифа мектебі бойынша құрбандық шалу керек. Яғни мұсылман, ақыл-есі дұрыс адам шариғатта ынсап мөлшері (85 грамм алтыны бар адам) құрбандық шалуы керек» деді Ерболат Жүсіпов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + eight =