Естен кетпес естелік

0 70

Сурет өткен күннің белгісі ғана емес, оның астарында тарихтың да ізі жатады. Бүкіл Кеңес Одағы оқырмандары құрметтеген Дағыс­танның халық ақыны Расул Ғамзатовты халқымыз жақсы біледі. Кезінде көрнекті қаламгердің ана тілімізде жарық көрген «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» атты кітаптары қазақ оқырмандарының ықыласына бөленді. Бір жолы филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов ағамыз кездескенде тұғырлы тұлға туралы қызықты әңгімемен бірге түскен суретінің тарихын айтып берген еді…

– 1995 жылы 28 қараша мен 3 желтоқсан күндерінде Пәкістан астанасы Исламабадта «Әдебиет, мәдениет және демократия» тақырыбында халықаралық конференция өтті, – деп бастады сөзін ғалым.
– Ұлттық ғылым академиясының президенті Кенжеғали аға Сағадиевтің алқауымен елімізден барған делегация құрамында мен де болдым. Пленарлық мәжіліс басталмас бұрын қари құран оқып, содан кейін Пәкістанның Премьер-министрі Беназир Бхутто терең мағыналы сөз сөйлеп, әлем зиялы­лары, дін, ғылым, білім, соғыс және бейбітшілік, ана мен бала, жалпы адамзат тағдыры жайында ой толғады.
Бір мезетте мінбеге Дағыстан халқының дүлдүлі, ой бұлбұлы Расул Ғамзатов көтеріліп, салмақты сөз айтты. Осы керемет күндердің жақсы естелігі болып, Расул ағамен түскен сурет қалды, – деп сөзін аяқтады Серік аға.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − one =