«ЕСТЕЛІК ЭСТАФЕТАСЫ» ЕЛОРДАҒА КЕЛДІ

0 123

828b94ff28cef5088267267564f

Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Естелік эстафетасы» атты халықаралық акциясы өтті. ТМД-ға мүше мемлекеттердің парламентшілері «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищановтың айтуынша, акция Минск қаласында басталып, осыған дейін ТМД-ның 8 астанасында өткізілді. Бұл шара – соғыста қаза тапқан миллиондаған майдангерге, тыл еңбеккерлеріне құрметтің белгісі.

Әзербайжан парламентінің өкілі Руфат Кулиев «Біз ардақты ардагерлерге қарағанда өзімізді бақытты ұрпақ санаймыз. Өкінішке қарай, қарттардың саны күн сайын азая түсуде. Жастар бүгінгі бейбіт күн үшін кімге қарыздар екендерін білу керек. Майданға 1 миллион 200 мың жауынгер жіберген қазақ елі ұлы халық екенін айтқым келеді. Сол жауынгерлердің жартысы соғыстан қайтпады» деді.

Акция 16 сәуір күні Санкт-Петербургте аяқталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + eight =