Ескі үйлерден – жаңа пәтерге

0 37

Биыл елордадағы тозығы жеткен үйлерден сегіз жүзден астам адам қоныс аударады. Жақында елорда әкімі сол тұрғындарды көшіретін жаңа тұрғын үй құрылысымен танысу барысында баспана мәселесін шешу үшін бірнеше бағытта жұмыс істеліп жатқанын мәлімдеді.

– Бұған дейін де тозығы жеткен үйлердің тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдадық. Атап айтқанда, Бесшатыр, Алтынсарин, Ағадыр, Янушкевич көшелерінің тұрғындары сүретін үйлерде тұрады. Бұл үйлер қатарында 90 жыл бұрын салынғандары да бар, – деді А.Көлгінов.
Қала әкімі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында биыл 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендері мен 130-дан астам лифті жөнделіп, кейбіреуі ауыстырылатынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =