Ескі үйден – жаңа қонысқа

0 101


Астанадағы апатты үйлерде тұратын тұрғындардың алғашқы легі көптен күткен жаңа пәтерлеріне қол жеткізді. Жаңа қонысқа көшкен жұртшылықты Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун, қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов пен Алматы және Сарыарқа аудандарының әкімдері құттықтады.

– Елбасы қолдап, Астана қаласы әкімінің бастамасымен былтыр «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасына елордадағы апатты үйлерді бұзу жөніндегіпилоттық жоба туралы тарау енгізілген болатын. Бүгінде бас шаһарда осындай 228 үй бар. Онда 3519 астаналық тұрады. Енді міне, жоба бойынша, ескі үйлердегі тұрғындардың алғашқылары жаңа қонысқа көшіп отырғанына өздеріңіз куә болып отырсыздар. Қараша айының соңына дейін Кенесары және Егемен Қазақстан көшелеріндегі 11 апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге көшіп келетін болады, – дейді Сансызбай Есілов.
Жаңа пәтерге алдымен Алматы ауданының тұрғындары ие болды. Мәслихат хатшысының қолынан пәтер кілтін алған Кенесары көшесінің  79/2-үйдің тұрғыны Жұмабике Айбуллиева ескі үйінде 22 жыл тұрыпты. «Алғашынды тиісті құжаттарыңызды Тұрғын үй басқармасына өткізіңіз,  үйлеріңіз сырылуға жіберіледі, сіздер жаңа үйге көшесіздер дегенде, онша сене қойған жоқпын. Өйткені бұл сөзге етіміз үйренгелі қашан. Бірақ осы жылдың қаңтар айында құжаттарымды өткіздім, қыркүйек айында нақты қай үйге көшетінім туралы жауап келді. Өз көзіме өзім сенбедім. Енді міне,Тілендиев даңғылы бойындағы көп қабатты .йдің үшінші қаьатынан су жаңа пәтер еншіме бұйырды. Тар үйде тарыққаным соншалық, жаңа пәтер хан сарайындай көрініп тұр», -дейді Жұмабике.
Қазіргі күні 189 пәтерлік екі тұрғын үй пайдалануға дайын тұр екен. Соған апатты жағдайдағы 11 үйдің тұрғындары екі кезеңмен көшіріледі. Алғашқы кезең бойынша 85 отбасы Н.Тілендиев даңғылы бойындағы тұрғын үйге көшіп барады. Екінші кезең бойынша, яғни 25 қарашаға дейін қалған тұрғындар Сарайшық көшесіндегі тұрғын үйде қоныс тойын тойлайтын болады.
Апатты үйлерді бұзу, ондағы тұрғындарды жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету мәселелері 2017 жылға дейін біржақты шешіледі. Бүгінде апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу пилоттық жобасы шеңберінде 7 тұрғын үй құрылысының жұмысы қолға алынған.  Биыл жалпы ауданы 24 мың шаршы метрді құрайтын, барлығы 449 пәтерлік төрт тұрғын үй кешені тапсырылатын болады.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + seventeen =