Ескі қорым есепке алынды

0 367

2010 жылы «Жастар» шағын ауданы аумағындағы көне мұсылман зиратына Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен Қала құрылысы және сәулет ескерткіші мәртебесі берілді. Мәдениет басқармасы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі бөлімнің тікелей бастамасымен қойылған «Қараөткел» атауын қалалық комиссия қолдады. Ал, 2011 жылы мәслихаттың шешімімен қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының шекаралары бекітіліп, «Қараөткел» зираты маңына «Қорғау тақтасы» орнатылды.

Аталған мұсылман зиратын ке­­шенді зерттеу барысында 1609-1962 жылдар аралығын қам­ти­ты­­ны анықталып, қала тарихы тың де­рек­­термен толықты.
Қорымның топографиясы анық­талды, онда орналасқан бар құл­пытастар картада белгіленді. Құл­пытастардың жасалған материа­лы, формасы, сақталу қалпы анық­талды, эпитафиялар (жазулары) зерт­тел­ді, аудармалар мен талдау­лар жасалды, фотосуретке түсі­ріл­ді. Бір сөзбен айтқанда, ескерт­кіш-қорымды есепке алу барысында сақталып қалған 2169 құлпы­тастың әр­қайсысына тіркеу құжа­ты жасалды. Әр құжатта есепке алу карточкасы, сипаттамасы, өл­шем­дері, жазулары, қорым ау­ма­­ғын­дағы карта-жоспарда объек­­­­тінің орналасқан сызбасы, то­по­­­гра­­фиялық нөмірі, 15х20 см кө­лем­­дегі жал­пы көрінісінің және фраг­­мен­тінің фото­суретт­ері бар. Әри­не, бұл өте үлкен ақпарат.
Бұл кешенді құжаттардың бар­лығы Қа­зақ­стан Республикасы­ның «Тари­хи-мәдени мұра объектілерін қор­­ғау және пайдалану туралы» за­ңы мен Үкі­меттің 2007 жылғы 2 қа­­ра­ша­дағы №1032 қаулысына сәй­­кес ресім­делді.
Осылайша, қаламыздағы көне зи­раттың тарихы тайға таңба бас­қандай жазылып, тарихи-мәдени қор­дың есебіне алынды.
Соңғы деректер бойынша 10 мың адамның жерленгені белгілі бол­са, соның 400-ге жуығының аты-жөні анықталды. Өкінішке қа­рай, мүжілген, сынған, жазулары өш­кен күйінде бүгінгі күнге тек 2169 құл­пытас жетіп отыр.
Бұл қорымда ел аузында айты­лып келген, Есіл қаласын сал­ған Тәуке ханның ұрпақтары Бел­гі­байұлы Тәуке қажы (1861-1957), Досқо­жаұлы Күшік қажы (1810 -1894), Құ­даймендин Қоңырқұлжадан кейін Ақмоланың аға сұлтаны болған Жайықбайдың Ыбырайының баласы, атақты дәрігер Жайықбаев Дәнду Рахымжанұлы (1903 -1956 ), Жанасбайұлы Сүйірбай қажы (1878 -1953), Есім ханның ұрпақ­тары – Бегалы Қоңырқұлжа болыс­тың ұлы Мейрам, Бұхар, Қазан қала­ларынан келген діні мұсылман бел­гілі қайраткерлер Нагим-бек-оглы Абдул­джаббар (1870 -1909), Наж­муддин Омар (1910 -?), Ныгметжан оглы Мухаммад Омар, Фазлаллах ұлы Абдаль-Бари (1866-1920), Хусейн оглы Абдулхалик (1843-1910), Ямул уали-Дин Мухаммед Хус­нуддин (1860-1913 ), Оспан Мау­сымбай ұлы (188?-1945), Оспан Әбді­рах­манұлы (1894-1945), Мақыш Досқажаұлы (1904-1962), С.Сей­фул­линнің әріптестері Жақия Айна­бекұлы, Абдулла Батырбеков және басқалар жерленген.
Өлкетанушы марқұм Клара Әмір­­қызы 2002 жылы шыққан «Ата­­қоныс аманат» кітабында Ақ­мо­­ланың атақты бай көпесі Б.Қос­­­шы­­ғұ­ловтың 1918 жылы оба ау­руы­нан қайтыс болып, осы зират­қа жер­ленгенін әңгімелейді. Оба ін­де­тінің Ақмолаға осы жылдары кел­­гені туралы С.Сейфуллин де «Тар жол тай­ғақ кешу» романында жаз­ған еді.

Өлкетанушы марқұм Клара Әмір­­қызы 2002 жылы шыққан «Ата­­қоныс аманат» кітабында Ақ­мо­­ланың атақты бай көпесі Б.Қос­­­шы­­ғұ­ловтың 1918 жылы оба ау­руы­нан қайтыс болып, осы зират­қа жер­ленгенін әңгімелейді. Оба ін­де­тінің Ақмолаға осы жылдары кел­­гені туралы С.Сейфуллин де «Тар жол тай­ғақ кешу» романында жаз­ған еді. 

Ғалым Дихан Қамзабекұлының жа­зуын­ша, ел іші Сәкен қалпе атай­тын Сәдуақас Ғылманиға (1890-1972) рухани әріптес бол­ған, кеңес үкіметінің біраз құ­қайын көр­ген Ақмола өңірінің қал­пе­лері – Тоқан қазірет пен Ақта­мақ, Әк­бар, Ақтан, Шахман, Ақа­жан­дар ше­шуші сәттерде елдіктің ал­тын ар­қауын сақтап қалғаны жө­нін­де өл­ке­та­ну­шылар Талғат Жан­ай­дарұлы, Сайлау Байбосын, Жанат Түгелбай, Бексұлтан Смайыл, Қайролла Тоқтыбайдың естелік­те­рін­де кез­деседі.
Ақтан қалпе Алдабергенұлы Құр­ман­ғалидың (1881-1953) осы қо­рым­да жерленгені анықталып отыр. Сәдуақас (Сәкен) қалпенің бәй­бі­­шесі мен екі баласы осы зират­та жатыр.
№63 топографиялық тізімде сақ­­­талған мынандай жазулар бар: «Е.қайтты. Шомыш Ко…мит қы­зы.Ай­набек келіні 62 (? )…»
Айнабековтер отбасы Ақмолада 1940 жылы саман кірпіштен үй сал­­ған. Қайып, Жайық, Зікәрия, Са­­лық, Назкен, Гүлбахрам – Айна­бек­­тің балалары. Осы үйде үш от­­басы, барлығы 20 адам, үш ке­лін ата-енелерімен бірге тұрған. Олар-Нағипа, Шәміш, Қазкен. Құл­­пы­­таста көрсетілген Шомыш – (Шәміш ) Зікәрияның ортаншы ұлы­ның зайыбы.

№1139 топографиялық тізім­дегі – Мейрам Бегалыұлы. Әкесі Бегалы Қоңырқұлжа – Есім ханның ұрпақтарынан. Бегалы Қоңырқұлжа 1832-1847 жылдары Қареке-Алтай, Айтқожа-Қарпық болыстарын басқарған.
№ 64 топографиялық тізім бойынша толық мәтіннен сақта­лып қал­ған үзінді мынадай: Мантен­қызы Айна…
Ақмола қаласындағы танымал ірі көпестердің бірі Мантен Нұр­пейі­совтің қызы – Нағипа Ман­тенқызы. 1917 жылы әкесінің қа­лауы­мен Жақия Айнабекұлына тұр­мысқа шығады. Кеңес үкіметі әке­сінің бар байлығын тартып алып, өзін түр­меге отырғызады. 1938 жылы отба­сымен жер ауда­рады. Жақия Ай­набековтің әйелі Нағипа 11 бала туған, тірі қалғандары төр­теу. 1940 жылы 28 желтоқсан­да күйеуі Жайық Айнабеков ойлама­ған жерден қайтыс болады. Сегіз жылдан кейін дәл осы күні, 28 жел­тоқ­санда Нағипа қайтыс болады, ол күйеуі­нің жанына жерленген. Зи­ратты бұзады деген хабарлар өр­шіп тұрған кезде қызы Назкен: «сүйек­терін жинап алып кетемін, кейін өзім­нің жанымда болады» деп жы­лаған екен. (3.М.Рахымбекова «Таинство жизни», Алматы: «Эверо» 2005 ж.).

№ 64 топографиялық тізім бойынша құлпытаста: 1940 қайтты Жақия Айнабекұлы 54 жасында руы Құлымбет деп жазылған.
1907 жылы Ақмолада медресе­нің жанынан алғашқы рет 27 оқу­шы­лардан құралған қазақ-татар бастауыш мектебі ашылады. Кейін­нен ол Жамбыл атындағы қазақ орта мектебіне айналды. Ал Отырар көшесіндегі ескерткіш мәрте­бе­сіндегі осы екі ағаш үйде Қ.Қуа­ныш­­баев атындағы қазақ драма театры­ның қойылым цехтары ор­наласқан. Бұл мектептің алғаш­қы мұ­ға­лім­дерінің бірі, одан кейін мең­герушісі Ғалымжан Шәкіржан­ұлы Құрмашев болды. Ол Қазан қала­сын­дағы «Мұхамедия» медре­сесін және 1907 жылы Орынбор қала­сын­дағы мұғалімдер даярлайтын семи­нарияны тәмамдаған.
1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннен, оқушысының алдын ала ескертуімен, Мәскеуге барып, кеңес үкіметіне адалдығын дәлелдеп барып құтылады. 1940 жылы 28 жел­тоқ­санда, 54 жасында қайтыс бола­ды. Жақия Айнабековтің қарын­дасы Гүлбахрам – Сәкен Сейфуллиннің әйелі.
Ел арасындағы жүргізілген этно­әлеуметтік сауалнамалардан ашар­шы­лық пен соғыс жылдары туған-туыстары көз жұмғанда басы­на тас орнатпақ түгіл, жер­лей­тін ер адам­ның болмауынан кейбір жағ­дай­ларда балалары ата-аналарының аяқ жағына жерленгенін, кезінде ба­сында белгі болғанымен, ол кейін­нен табылмағанын, зират ресми жа­был­ғаннан кейін түн ортасында ұр­ланып жерлеуге тура келгені бел­гілі болды.
Қорымда ғылыми-зерттеу жұмыс­тарымен қатар бір кезеңде құры­лыс жұмыстары жүрді. Астана қала­сының Мәдениет басқармасы және «Тәкежанов М.Р» жеке кәсіп­керлігі құрылыс ұйымының ара­сындағы келісімшарттың негі­зінде қорымға жаңадан қоршау жұмыс­тары жүргізілді. Ескі қор­шауы толығымен жаңа материалдармен алмастырылды. Қорымның аума­ғы абат­тандырылып, ағаш отырғызылды, ішіне соқпақ жолдар салынды. Осы жұмыстардың барлығын Астана қаласы әкімінің бастамасымен «Русь» мұнай ком­па­ниясының президенті, атақты бизнесмен, саясаткер М.С.Гуца­риев жеке қаражатына атқарды. Қараөткел қорымының Гуцариевтер отбасы үшін орны ерекше болып келеді. Бұл қорымда аталары Саад Ютиевич Гуцариев (1882-1949) жерленген. Михаил Гуцариевтің өзі Ақмолада туған, оның әкесі Са­фарбек Ақмола облыстық НКВД бас­қармасының аға тергеушісі болып қызмет істеген, 1948 жылы 25 жылға сотталып,1955 жылы ақталып шығады. Аталары Саад Гуцариевтің жанында Михаилдың сәби кезінде қайтыс болған екі бауыры – Сулумбек және Чингисхан жерленген.
Құрылыс жұмыстарының соңында ескерткіш қорымды қабылдап алған Мәдениет басқармасы Ресейге, М.С.Гуцариевке Астана қаласы әкім­­дігінің атынан алғыс айтып, хат жолдады.

Кәмила ҚОҚЫМОВА,
Астана қаласы мәдениет басқармасы басшысының кеңесшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 17 =