Ескі көлік жарамсыз қалмасын

0 23

Елорда бойынша ескі көліктерді қабылдау 18 қаңтардан басталады. Утилизациялау бағдарламасына жауапты «Оператор ӨКМ» ЖШС-нің мамандары хабарлағандай, қабылдау орындарын толық тазартып алу үшін көлік өткізу мерзімін шегеруге тура келген.

Сонымен қатар компания мамандары Қазақстанда 2021 жылы АЕК мөлшері артқандықтан, машина өткізген азаматтарға төленетін сома да көбейгенін хабарлайды. Биыл толық жиынтықтағы машинаға мұнша ақша беріледі:
М1 категориясына – 210 024 теңге;
М2, N1, N2 категорияларына – 420 048 теңге;
М3, N3 категорияларына – 630 072 теңге.
Жүк көліктері мен автобустарды сертификатқа айырбастау мәселесі әлі қаралып жатыр. Жеңіл көліктерге сертификат берілмейді. Тозығы жеткен көліктерді қабылдау екі санат бойынша жүзеге асады.
Елімізде ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы 2016 жылы жүзеге асқан болатын. Бұған дейін осы бағдарлама бойынша ескі машиналарды қолма-қол ақшадан бөлек арнайы сертификаттарға айырбастау мүмкіндігі болса, жаңа ережеге сәйкес жеңілдік сертификаттары ендігі жерде тек жүк көліктеріне ғана беріледі.
21 қарашадан бастап елімізде ескі көліктерді қабылдау Бағдарламасы басталды. Бағдарлама ережесіне сәйкес салмағы 3,5 тоннадан аспайтын жеті орынға дейінгі жеңіл автокөліктер қабылданады. Ал тозығы жеткен техниканы жоюға өткізген көлік иесі ақшалай өтемақы алады.
Берілетін өтемақы көлемі көліктің техникалық жиынтығына қарай екі санат бойынша анықталады. Яғни, бөлшектері толық көлік 150 мың теңге және толық емес жиынтықтағы көлік 48 мың теңгеге бағаланады. Бағдарламада көліктің жылына қатысты ешқандай да шектеу жоқ. Сонымен қатар, апатты автокөліктер де жиынтық санаты бойынша қабылданады.
Жоба бойынша жыл соңына дейін тозығы жеткен 10 мың ескі көлік қабылданады. Квота саны аймақтағы ескі көліктердің санына қарай бөлінген. Бағдарлама бекітілгеннен кейін алдағы уақытта тозығы жеткен көлік иелері сертификат арқылы отандық автоөндірушілерден су жаңа көлікті жеңілдікпен сатып алуына болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 1 =