Ескі ғимарат жаңарады

0 50

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының күрделі жөндеуі келесі жылдың соңына қарай аяқталады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов театр ғимаратына барып, жөндеу жұмыстарымен танысты.

fd56109572372943f59a7b2ee06a6728

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында мыңдаған қойылымдар қойылды, онда театр актерлерінің бірнеше ұрпағы шыңдалып шықты. Бұл театр – еліміздегі ең көне мәдени мекемелердің бірі. 1899 жылдан бері халық руханиятына қызмет етіп келеді.

«Бұл, шынымен де, өзіндік тарихы бар ерекше орын. Бірақ, әрине, театр ескіріп, күрделі жөндеуді қажет етті. Жөндеу жұмыстары 2018 жылы басталғанына қарамастан әлі аяқталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілді, оның ішінде мердігер тарапынан заң бұзушылықтар болды. Олардың салғырттығынан театр қызметкерлерінің өздері, көрермендер зардап шекті. Қазіргі уақытта сот рәсімдері толығымен аяқталды. Жаңа мердігер анықталды, оған өзгелердің қателігін қайталамау тапсырылды» деді Алтай Көлгінов.

Осылайша тарихи ғимаратты күрделі жөндеу келесі жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Залдарды жаңартудан, ғимаратты жөндеуден басқа инженерлік желілер жаңартылып, ретке келтіріледі: су құбыры, кәріз, сондай-ақ желдету жүйесі, жылыту және т. б.

«Қазіргі уақытта театр ұжымы өзге театрлардың алаңдарында және драма театрдың кіші залында өнер көрсетеді. Бұл, әрине, театр ұжымына белгілі бір қолайсыздықтар тудыруда. Күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін тарихи ғимарат жаңарып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайтынына сенеміз. Сондай-ақ «Наз» мемлекеттік би театры және «Қуыршақ театры» ұжымдарына да қолайлы орын бөлуді тапсырдым, өйткені қазір олар қолайсыз ғимараттарда дайындалып жүр» деді қала әкімі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − two =