«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ескендірді еске алды

0 13

Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Отан» ордендерінің иегері, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылығына және оны еске алуға арналған «Атамекен» музыкалық кеші өтті.

a51a11bd943db15f6b475d46cbf73298_1280x720

Бар саналы ғұмырын өнерге және қазақстандық мәдениетті дамытуға арнаған композитордың әндерімен өскен ұрпақ бүгінде оның бай мұрасын қадірлеп, қастерлейді.

«Ескендір ағамызды еске алуға арналған концерт қатты ұнады. Кеш өте керемет өтті. Әншілердің бәрі Ескендір ағамыздың шығарған әндерін жақсы орындап, халықтың көңілінен шыға білді. Сондықтан халық Ескендір ағамыз­ды еш уақытта ұмытпайды, әндері де ұмытылмайды. Келесі ұрпаққа мәңгі үлгі болды. Ескендір ағамыздың бүгінгі кешінде шырқалған әндерден керемет әсер алдық. Әсіресе өзінің ұлы мен немересінің айтқан әні де халықтың көңілінен шықты. Оларды көргенімізге өте ризамын» деді қала тұрғыны Клара Батыралиева.

Кеш барысында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», «Анаға сәлем», «Бозторғайым», «Әдемі-ау» секілді танымал әндері әуеледі.

Сахна төрінде отандық эстрада әртістері өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Клара Төленбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «МузАрт» және «Gentlemen» топтары, Әлібек Әлмадиев, Әділхан Макин, Зарина Божакова, Айдын Жұмабай, Гүлсім Мырзабекова, Жандос Айдынұлы, композитордың ұлы мен немересі Біржан мен Нұрсұлтан Хасанғалиевтер, Мұратбек Хайролла, Айсұлу Жак, Медет Салық, Перизат Тұрарова, Әлинұр Хамзин, Расул Жармағамбетов, Татьяна Вицинская, Айбар Қайырхан, «Айналайын» балалар хоры бар. Әндер Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен орындалды.

 Баян Асылбекова

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды