Эскалатор жүріп тұр

0 155

Өткен аптада Астана вокзалында №5 эскалатордың тоқтап тұрғанын жазған едік.  

Кеше редакциямызға Өндірістік техникалық сектордың бастығы Қуаныш Мақашев хабарласып,  эскалатордың жүріп тұрғанын жеткізді. «Жақтауы кеткен эскалатор жөндеуден өтті. Қазір өз қызметін атқарып тұр. Қызмет көрсететін компанияның жұмысын тездетуді бақылауға ала отырып,  олқылықтың орнын бір апта ішінде толтырдық. Қазіргі таңда «Экспо-2017» көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Алдағы уақытта  жолаушыларға көрсететін қызмет түрін көбейтіп қана қоймай, сапасына да мән береміз. Бұйыртса ескірген кейбір эскалаторлар ауыстырылып, қажетті бөлшектер сатып алынатын болады. Уақытша қолайсыздықтар танытқанымыз үшін оқырмандардан кешірім сұраймыз» дейді ол.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + one =