Есірткінің ірі партиясы тәркіленді

0 58

Елордада есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі заттарын жарнамалау іс-әрекеттері оны өткізу ретінде саналатынын және ол үшін 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

«37 жастағы ер адам жұмыс орнында ұсталды. Күдіктіден өсімдік күйіндегі есірткі заты бар 7 полиэтилен пакет тәркіленді. Кейін оған тиесілі «Nissan» автокөлігін тінту кезінде тағы 3 полиэтилен пакет табылды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген гашиштің жалпы салмағы 6 келі екені белгілі болды» деп хабарлады Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қыл­мыстық кодекстің 297-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Жыл басынан бері полицейлер заңсыз айналымнан 32 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

11 + one =