ЕСІРТКІМЕН ӘЛЕМ БОЛЫП КҮРЕСУ КЕРЕК

0 117

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акция ұйымдастыры­луда. Ал Астанада өткен шарада есірткінің зардаптары туралы жастар флешмоб көрсетті.

2332

Аталған акцияға Мәжіліс депутаттары мен Орталық Азия үшін БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы және бірқатар мемлекеттердің сыртқы сая­си ведомстволарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шараға еліміздің өнер және спорт жұлдыздары арнайы шақырылды. Себебі ұйымдас­тырушылар жастар танымал азаматтарға қарап бой түзеп, жаман әдеттен аулақ болады деген сенімде.

Ал ШЫҰ бас хатшысы Рашид Алимовтың айтуынша, есірткімен бірнеше мемлекет бірігіп күресу керек. Өйткені ол бір ғана мемлекеттің есірткіні жоюға шамасы жете бермеуі мүмкін деген пікірде.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып әрекет етуі тиіс. Себебі Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қыр­ғызстан елдерінде 3,5 миллиард халық тұрады екен. Міне, осы халық жер шарындағы адамдардың жартысын құрайды. Ал бүгінгі шараға 5 мыңға жуық жастар қатысып отыр. Енді олар есірткінің қаншалықты зиян екенін өздері біліп қана қоймай, сонымен қатар, достарына да айта жүретін болады. Сол себепті бүгінгі «Есірткісіз әлем» атты акцияның маңызы зор, – дейді ол.
Акциядан соң Орталық коммуникациялар қызметінде кеңейтілген баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында биылғы жылдың І тоқсанында есірткіге тәуелділердің саны 3379 адамға азайғаны туралы айтылды. Мәселен, 2016 жылдың осы тоқсанында 30504 адам есірткіге тәуелді болса, 2017 жылы оның саны 27125 болып отыр. Алайда соған қарамастан, ұйымдас­тырушылар есірткіге қарсы күресті тоқтатпау керек деген пікірде.

Серік ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =