ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

0 133

Есірткі біздің жолымыз емес

Жақында Астана қаласының техникалық колледжінде «Есірткі біздің жолымыз емес» атты акция өтті.

Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған шараға қалалық Білім бас­қармасынан, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығынан, «Жас Отан» жастар қанатынан, «Право» қоғамдық қорынан мамандар шақырылды. Колледж оқушылары есірткі тақырыбында арнайы қойылым ұйымдастырды. Шара барысында оқу орны туралы слайд көр­сетілді. Есірткінің зия­ны, нашақорлықтың зар­дабы жөнінде Астана қа­ласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Медет Бейсенбаев пен Светлана Решетникова мазмұнды әңгіме жүргізді. «Жас Отан» жастар қа­натының мүшесі, көркем гимнастикадан Азиада чемпионы Анна Альябева оқушылардың сауалдарына жауап берді.

Акция оқушылардың есірткіге қарсылығын білдіретін флеш-мобпен аяқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + seven =