Есірткіге қарсы жастар фестивалі өтті

0 17

Нұр-Сұлтан қаласындағы Экспо паркингінде «Esirtkisiz FEST» жастар фестивалі өтті. Фестивальді Қазақстан Жастар Конгресі жанындағы «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қоры ұйымдастырып, өткізді

image-22-11-21-10-17
image-22-11-21-10-17-1
image-22-11-21-10-17-2
image-22-11-21-10-17-3
image-22-11-21-10-17-4
image-22-11-21-10-17-5
image-22-11-21-10-17-6
image-22-11-21-10-17-7
image-22-11-21-10-17-8
image-22-11-21-10-17-9
image-22-11-21-10-17-10
image-22-11-21-10-17-11
image-22-11-21-10-17-12
image-22-11-21-10-17-13
image-22-11-21-10-17-14
image-22-11-21-10-17-15
image-22-11-21-10-17-16
previous arrow
next arrow

Фестиваль аясында мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялардың қызметкерлері және студент жастар үшін квест өтті. Квесттің мақсаты –  есірткі қолданбайтын табысты жастардың бейнесін көрсету, белсенді өмір салтын қолдау және стандартты емес міндеттерді шешу дағдыларын дамыту. Квест ережесі бойынша қатысушылар 30 командаға бөлініп, елорданың маңызды деген жерлеріне барып, қордың еріктілерінен белгілі бір тапсырмалар алды.

– Біз студент, сондай-ақ жұмысшы жастардың назарын есірткісіз қоғам құруға аудара алдық. Мен мұны маңызды жетістік деп санаймын, өйткені осындай іс-шараларда барлығын біріктіре отырып, белсенді өмір салтын, қолайсыз ортада болып жатқан оқиғаларға күшті балама ретінде пайдаланамыз. Осындай іс-шараларды көптеп өткізіп, жастарды маргиналданудан қорғауға күш саламыз. Біз шеңберден тыс қалай ойлауға болатындығын көрсету үшін осындай ерекше форматты таңдадық. Өйткені кез келген тәуелділік – айналаңызда шеңбер құру, – деді «Есірткісіз болашақ» корпоративтік қорының басшысы Жандос Ақтаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − nine =