ЕСІҢДІ АЛАР ЕСКІ ӘНДЕР

0 250

207_5_db4221314473f7022accbeb163cac65d

Астана күні өтетін айрықша шаралардың бірегейі – «Астана – армандар орындалады» ретро фестивалі. 6 шілде күні сағат 19:00-де «Қазақстан» орталық концерт залында ұйымдастырылатын кеште Астана тұрғындары мен қонақтары танымал әртістердің орындауындағы әсем әндермен сусындайды. 1967 жылдан бері өміршең әндерімен жасап келе жатқан «Дос Мұқасан» ансамблі, көне аспапты серік еткен «Жетіген» тобы көрермендерін керемет дүниелерімен қуантпақ.

Фестивальде көпшілік сахнадан айтулы әнші, қазақ елінің асыл әндерін халықаралық байқаулар мен КСРО сахнасында құйқылжытқан Роза Рымбаеваның, ресейлік қонақ, кеңес эстрадасының мэтрі Юрий Антоновтың өнерін тамашалай алады.

Мерекелік шарада орындалатын «Мечта сбывается» атты танымал ән Қазақстан астанасының құрылу тарихын баяндайды. Өйткені, қазақ даласында жас мемлекеттің астанасы осыдан он алты жыл бұрын бой көтеріп, ел арманы орындалған. Осы уақыт аралығында Астана әлемдік деңгейдегі саяси, экономикалық, мәдени шаралардың таптырмас алаңына айналып үлгерді.

«Астана – армандар орындалады» ретро фестивалі көрермендер көңіліне тамаша әсер қалдырады деген сенімдеміз» дейді ұйымдастырушылар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =