Есіл ауданы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша есебі

0 151

dsc_0083

Ермағанбет Бөлекпаев, Есіл ауданының әкімі

10-1

Халықпен жұмыс жасау
Өткен жылы Есіл ауданында 870 адамның қатысуымен халық алдында 5 есеп беру кездесуі өткізілді. Жалпы тұрғындардан 113 ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті, оның ішінде жолдарды жөндеу және олардың құрылысы, инженерлік жүйелер, жолау­шыларды тасымалдау, ауданды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету және т.б мәселелер. Кездесулердің қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Осы іс-шаралар жоспары аясында 93 сұраққа түсініктеме беріліп, шешімі табылды. Қазіргі таңда қаржы шығындарын талап ететін 20 сұрақ бақылауға алынды.
Атап айтқанда, тұрғындардың өтініші бойынша «Газмашаппаратура» зауытының аумағындағы «Строитель» саяжай қоғамында су тасқынын алдын алу іс-шаралары, «Үркер» тұрғын алабында орналасқан Әскери қалашықта шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары, Сауран көшесі, 12/2 мекен-жайы бойынша заңсыз орнатылған шлагбауымды алып тастау және тағы да басқа жұмыстар атқарылды.
2016 жылы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 589 өтініш, сондай-ақ, Астана қаласы әкімі аппаратының «Халық бақылауы» және «Виртуалды қабылдау» сайтынан 185 өтініш келіп түскен. Барлық өтініштерге жауап берілді. Қалалық әкімдіктің «Елорданың сыртқы келбеті» корпоративтік интернет-порталына аудан бойынша 366 сұрақ түсіп, соның ішінде 347 – орындалды, 19-ы орындалу үстінде.
Әкімнің және орынбасарларының жеке қабыл­дауында 166 азамат болып, айтылған өтініштер бойынша 120 мәселе шешілді, 31 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 15 өтініш уәкілетті органдарға жолданды.
Аудан тұрғындарымен байланысты қалыптастыру үшін ресми интернет-қор жұмыс істейді, Facebook әлеуметтік жүйесінде аккаунт құрылды, WhatsApp мессенджер арқылы хабарламаны жолдау үшін телефон нөмірі белгіленді. Тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап беру жалғасуда.
Өткен жылы «Үркер», «Пригородный», «Зареч­ный», «Тельман» тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Ағымдағы жылда осындай кездесулер тәжірибесі шағын аудандарда жалғасын табады.

2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданның негізгі көрсеткіштері
Есептік кезеңде аудан тұрғындарының саны 140 490 адамға жетті (01.05.2016 ж.).
Аудан кәсіпорындарының негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі артып, 418698,4 млн теңгені (аста­на­ның жалпы инвестициялар көлемінің 58,7%) құрады.
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 131 307 салық төлеушілер тіркелген. Жалпы құны 534 млрд 679 млн 732 мың теңгеге салық жиналды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24% жоғарылаған.
Аудан бюджеті туралы Әкімшілік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін аудан бюджетінде 2016 жылға 14 млрд 777 млн теңге қарастырылып, толығымен игерілді.
Ауданның өсуін ескере отырып, 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 9%-ға артты.
Аудандағы іске асқан бағдарламалардың басымдығы 2015 жылмен салыстырғанда төмендегі өсу көрсеткіштерімен дәлелденеді:
– санитарияны қамтамасыз ету – 4 %;
– абаттандыру және көгалдандыру – 6%;
– көшелерді жарықтандыру – 5 %.

Санитарияны қамтамасыз ету
Қажетті санитарлық жағдаймен толық қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағы 8 учаскеге бөлінген. Ол жерде 22 мердігерлік ұйымдар қызмет көрсетеді, 496 бірлік мамандырылған техника және 736 жол қызметкерлері тартылған.
Тазаланатын аумақтың көлемі 7,5 мың ш.м2 асады. Ауданда қар түсіру орны белгіленіп, өткен жылдың маусым айында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жыл көлемінде 29,5 тонна қоқыс шығарылды, 1 млн. ш.м3 астам қар түсірілді.
Өткен жылы көшелерді жедел түрде тазалау мақсатында Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасымен арнайы қар ерітуге арналған «Трэкан» көлігі сатып алынды. Қараша-қаңтар айлары аралығында атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша көлік 128 081 ш.м3 көлемінде қарды өңдеді.
Су тасқынын алдын алу іс-шаралары аясында аудан аумағында жаңбыр және қар суы жиналатын 222 орын белгіленді. Су тасқынын болдырмау мақсатында 62 АС-көлігі, 4 мотопомп тартылды, сондай-ақ, Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен бір жылжымалы сорғы станциясы жұмылдырылды.
Ағымдағы жылы су тасқынын алдын алу бойынша жоспар құрылып, ауданның тұрғын алаптарының аумақтарынан қарды шығару жұмыстары басталды.
Ауданда санитарлық тазалықты қамтамасыз ету үшін сенбіліктерді өткізу бойынша акциялар жүргізіледі. Өткен жылы сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысып, 7,1 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Қалалық полигонға 4600 тоннадан астам су айдынынан шыққан қоқыс, анықталған 115 орыннан 9815 тонна құрылыс және тұрмыстық қоқыс, 9 мың тоннадан астам құрғақ ағаш шығарылды.
Жалпы саны 2386 бірліктен тұратын көн-қоқыс контейнерлер, 628 контейнер алаңдарына орнатылды. 2016 жылы 460 қоқыс жәшіктерді ауыстыру, 110 жаңа қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудан аумағында барлығы 575 қоқыс жәшіктері орналасқан.
Өткен жылы шыбын-шіркейлерді жою қызметі аудан әкімі аппараттарына берілді. Аудан бойынша жедел жұмыстарды жүргізу көлемі – 16539 га, саяз су қойма аумағы 1491 га құрады.
Аудандағы нөсер кәріз жүйесінің ұзындығы – 91,4 шаршы метр, дренаж жүйесі 24 шаршы метрді құрайды, шолу және жаңбыр суды өткізетін торлар саны – 3111 дана.
Күнделікті күрелген қоқыс төгетін орындарды тазалау бойынша шаралар қабылданады.
2017 жылы 80 контейнер алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу, 560 көше қоқыс жәшіктерін ауыстыру және орнату, шыбын-шіркейлерді жою жұмыстарын жүргізу барысында өндеу аланың 20-25% көбейту жоспарлануда.

Абаттандыру
Қалалық бағдарламаларға сәйкес, ауданда жыл сайын абаттандырылған аула саны көбейіп келеді. 2016 жылы 8 аула абаттандырылды (16 мекен-жай бойынша):
– Қабанбай батыр даңғ., 40 үй, «Инфинити-1» ТК;
– Қабанбай батыр даңғ., 42 үй, «Инфинити-2» ТК;
– № 36 көш., 13 үй, «Қыз Жібек» ТК;
– Сарайшық көш., 5/1 үй, «Светлый» ТК;
– Сарайшық көш., 9 үй, «Авиценна» ТК;
– Туран даңғ., 14/2, 14/3, 14/4 үйлер, «Дельфин-2» ТК;
– Сарайшық көш., 5 үй, «Мисон» ТК;
– Пулынбай көш., 36, 36/6, 36/7 үйлер, Ұзақ батыр көш., 9, 11, 13, 15, 17 үйлер, «Жағалау-3» ТК.
456 дана қоқыс жәшігі және 840 дана орындықты жөндеу; 2580 ш.м2 гранит тақталарын, 3200 дана сплитерлік блоктарды, 2560 м шет тастарды ауыстыру; 25 600 ш. м2 тас төсемдерін, 3 850 дана көлеміндегі жабу тақталарды, 2900 дана көлеміндегі тіреп тұратын қабырғаны, 4089 м поребрикті бөлшектеу/монтаждау; 34 000 ш.м2 гүлзар бөліктерін қалпына келтіру бойынша абаттандыру элементтерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы 11 мекенжай бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, 6 көпқабатты тұрғын үй кешендері бойынша кешенді абаттандыру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
Ауданда 10 көпір орналасқан. Қоршаулардың жалпы ұзындығы 48 400 метрді құрайды. Есептік кезенде Қорғалжын тас жолы, Мәңгілік Ел даңғылы және Есіл өзені жағасы бойындағы қоршауларды сырлау жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру және субұрқақты кешендер
Аудан аумағында жалпы көлемі 739,9 мың ш.м2 құрайтын 28 саяжай және 3 саябақ бар. Көгалдандыру бағдарламасы аясында 93 200 ш.м2 гүлбақтар, 14 282 жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар, 6 мың метр бұта қоршаулар тұрғызылып, 34 000 мың ш.м2 гүлзарлар егілді, 1120 ағаш бұтақтарын қырқу бойынша жұмыстар атқарылды.
Магистралды көшелерді, «Арай», «Ғашықтар» саябақтарын, Әскери қалашық, сондай-ақ, ішкі аймақтық аудандарды көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Аудан аумағында 16 су бұрқақты (35 бұрқақ) кешендер орналасқан. Олар дизайн жағынан әртүрлі және заманауи техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Су бұрқақтары жұмыс істеу мерзімінде шаң-тозаңнан, қоқыстан күнделікті тазаланады. Суық кезенде су бұрқақтар кешендері тоқтатылады.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында ағымдағы жылы Ұлы Дала, Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Т.Рысқұлов, Керей, Жәнібек хандар және т.б. көшелерге 11 685 дана көлемінде ағаштарды отырғызу; ауданы 30 000 ш.м2 құрайтын гүлзарларды жөндеу, 95 000 ш.м2 гүлбақтарды отырғызу, 15 декоративті мүсіндерді орнату жоспарда бар.

Көшелерді жарықтандыру
Қазіргі таңда ауданда 11,5 мыңнан астам көшелік және 9,4 мың саябақ жарықтары, сондай-ақ, автоматтандырылған жүйедегі басқарма шкафының 136 данасы, трансформаторлық қосалқы станциялардың 55 данасы іске қосылған.
Өткен жылдармен салыстырғанда, жарықтардың саны 2,5 есеге артты. Сонымен қатар, энергияны үнемдеу шамдарына ауысу бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді. Қосымша «Үркер» тұрғын алабында 11 көшеге жарық құралдары орнатылды.
Қазіргі таңда үлкен қалаларда ғимараттарды сәу­летті және декоративті жарықтандыру маңызды рөл атқарады. Аудан әкімі аппараты декоративтік жарық­тандыру бойынша 147 нысанға қызмет көрсетеді.
2017 жылы ЭКСПО аумағы бойынша, «Ғашық­тар» саябағында, Дөңгелек алаңында, № 16 көшеде орналасқан шамдарды жарықдиодттарға ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Орынбор көшесі, 2, 4 үйлерде орналасқан жаңа сәулет-көркем көмескі жарықты құру жоспарда бар.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету
Ауданның тұрғын үй қоры 350 көп қабатты үйден тұрады, оларда 90 пәтер иелері кооперативі және қызмет көрсету ұйымдары жұмыс жасайды. Аудан бойынша 21 үй апатты тұрғын үй қатарына жатқызылған.
Есептік кезеңде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған тұрғын үйлердің саны артты. Қазіргі таңда олардың саны 285-ке жетті.
2016 жылдың ішінде тұрғын үй кондоминиум нысандарын тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта 45 үйдің кондоминиумін тіркеу жүргізілетін болады.
2015-2016 жылдарда жылу беру мерзімінің қорытындысы бойынша «Астана – Теплотранзит» АҚ-мен бірлесе отырып, 19 түйткілді тұрғын үй анықталды.
Жыл бойы тұрғын үй қорында келесі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстар жүргізілді: көлемі 6840 ш.м2 шатырды жөндеу (24 үй); көлемі 1850 ш. м2 сыртқы қасбетін жөндеу (7 үй); 52 кіреберіс топтар; 73 кіреберіс; 2130 метр ыстық және суық сумен жабдықтау жүйесі; 70 жылу алмастырғышты ауыстыру (45 үй); 150 айналмалы сорғыларды ауыстыру (95 үй); 140 резервті толықтырғыш сорғыларды ауыстыру (77 үй) және т.б. жұмыстар.
383 инженерлік жүйенің ашық құдықтарын жабу және 20 қалыпсыз қақпақтарды ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды.
«Астана Су Арнасы» МҚК-мен 2 шаршы метр су тартқыш жүйесі, оның ішінде (3 дана) – 55 м таратқыш торап жүйесі ауыстырылды. Қабанбай батыр даңғылы, 2/5 үй, Сауран көшесі 9а үй, Жиделі көшесі, 11 үй мекенжай бойынша орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйлердің таратқыш торап жүйесі ауыстырылды.
2016 жылы іске қосылған кәріз тазартқыш құрылғыларды кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары жалғасты. Жұмысты аяқтау ағымдағы жылдың екінші тоқсанына жоспарланды.
Есептік кезеңде «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның күшімен ұзындығы 994 метрді құрайтын таратқыш торап жүйесімен жылу магистральдарына (Кардио­хирургия орталығына қосылған жылу трассасы, №2 Қалакешеніне (5б, 5д, 5г блоктар) қосылған жылу трассасы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы ұзындығы 412 метр, диаметрі 50-150 мм құрайтын таратқыш торап жүйесімен, жылу магистральдарды күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарлануда. 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ұзындығы 21 478 метр, диаметрі 800-1000 мм құрайтын, 4 және 5 таратқыш торап жүйесі жылу магистральдардың құрылысы жүргізілді.
Ағымдағы жылы ұзындығы 9460 метр, диаметрі 800-1000 мм құрайтын 5 таратқыш торап жүйесі жылу магистралінің құрылысы жоспарда бар.
«Астана-РЭК» АҚ күшімен ұзындығы 21,8 км, 110 кВ волоконтты сымдарды, бөлу қосалқы станциясы (ҚС), 10 дана көлемінде – 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясы (ТҚС), 5,48 км құрайтын 0,4 кВ – волоконтты желілерін (ВЖ) жабдықтау бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Левобережная» қосалқы станциясының (ҚС), бөлу қосалқы станциясының (БҚС), 10/0,4 кВ қуаты бар трансформаторлық қосалқы станциясының (ТҚС) – 3 дана құрылыс бөлшектерін жөндеу бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.
Инвестициялық бағдарлама бойынша «Қара­өткел» қосалқы станциясынан бастап, «Үркер» тұрғын алабындағы 142-бөлу қосалқы станциясына (БҚС) дейін 10 кВ қуаты бар волоконтты желінің құрылысы, 6,736 км 10 кВ қуаты бар кабель желісін ауыстыру және т.б. жұмыстары жасалды.
Қазіргі жылу беру маусымында 1 қазаннан бастап 13 қаңтарға дейін «109» кезекті қызметі» ММ-сі арқылы су және жылу жүйесінің үзіліспен беруі бойынша 182 арыз келіп түсті, апаттық өшіру бойынша 40 факт тіркелді. Коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып, барлық өтініштер орындалды.

Салалық басқармалардың жобасын жүзеге асыру

Жол инфрақұрылымы
Жаңа жолдардың салынуы және қолданыстағы жолдарды жөндеу аудан инфрақұрылымының дамуы­на айтарлықтай әсерін тигізеді.
2016 жылы жалпы көлемі 5,577 шаршы метрді құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, 1,85 шаршы метрді құрайтын жаңа жолдар салынды.
Ағымдағы жылда 12 көшенің құрылысы жоспарланды, соның ішінде:
– Ш.Айтматов көшесінің құрылысы, Сығанақ көшесінен бастап № 27 көшеге дейін;
– Е-305 көшесінің құрылысы, Сарайшық көшесінен бастап Сығанақ көшесіне дейін;
– Ақмешіт көшесінің құрылысы, Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап № 24 көшеге дейін, №26 көшесінен бастап № 27 көшеге дейін;
– Түркістан көшесінің құрылысы, Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап № 27 көшеге дейін;
– № 24 көшесінің құрылысы, Қабанбай батыр даңғылынан бастап Еңбекшілер көшесіне дейін, Тұран даңғылынан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейін.
2016 жылы «Олимп 2-кезең» шағын станциясы, Есіл өзенінен бастап № 39 көшеге дейінгі жылу магистралі, «Жағалау-3» ТК-не апаратын жылу магистралі, № 19 көшесінен оңтүстікке қарай таратқыш торап жылу магистралінің құрылысы аяқталды.
Үстіміздегі жылы «Тұран» шағын станциясы, «Жаңа Жол» шағын станциясы, сондай-ақ, «Әуежай – Жаңа 2 кезең» шағын станциясының, № 23 көшесінен бастап, Тұран даңғылына дейінгі учаскеде жылу магистралін қайта құру жоспарлануда.
Ауданда Есіл өзенінің арнасын абаттандыру бойынша 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
«Үркер» тұрғын алабының дамуына жеке тоқталатын болсақ.
«2,3,4 кезең Ильинка алабының шығысына қарай жекеменшік үйлерді инженерлік жүйеге қосу» жобасының тапсырыс берушісі Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы болып табылады. Жобаны жүзеге асыру бойынша «Центрстройкомплект-НС» ЖШС, «СК Құлагер» ЖШС, «Акмолатранстехмонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымдар белгіленген.
2016 жылы 2 кезең аясында инженерлік жүйелердің құрылыс жұмыстары толық көлемінде аяқталмады. Жобаның 3 кезеңі бойынша 27 көшеге инертті материалдар төселді. 4 кезең бойынша 12 көшеге асфальт төселді, үйлерге су, электр қуаты, кәріз жүйелері тартылды, 2 кәріз сорғы станциялары салынды. Жалпы инженерлік жүйенің құрылысы 70%-ы аяқталған.

Қоғамдық көлік
Жол инфрақұрылымының дамуы қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсетуін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 35 автобус бағыттары жүреді, 205 аялдама павильондары орналасқан.
2016 жылы № 76 мектеп-лицей, «Жағалау-3», «Саранда» тұрғын кешендерінің аумағында 7 бағдаршам орнатылды.
Есептік кезеңде қоғамдық көлік жүйесінің бағыт­тарын жақсарту бойынша келесі шаралар қабылданды:
– № 81 мектеп-гимназиясына дейін № 61 және 101 екі бағыттың жүру сызбасы ұзартылды, бұрын-соңды аталған мектепке дейін қоғамдық көліктің қызметі көрсетілмеген;
– № 17 және № 44 бағыттар Сарайшық және Омаров көшелері бойынша, № 35 бағыт – «Үркер» тұрғын алабындағы № 209 көшені қамту арқылы үш бағыттың сызбасы өзгертілген;
– 4 жаңа бағыттар енгізілді: № 15 бағыт («Железнодорожный» т/а – «Арнау» ТК), № 37 бағыт (Теміржол вокзалы – Ғарыш орталығы), № 53 бағыт («Шарын» базары – Клиникалық-оңалту кешені), № 313 қала маңындағы бағыт (Қызылсуат ауылы – №2 Ақмола облыстық ауруханасы).
Ұлы Дала, Мәңгілік Ел, Тұран даңғылдарында 24 аялдама павильон орнатылды, сонымен қатар, №209 көшесінде 2 тоқтайтын орын, Новый аэропорт көшесінде тоқталу үшін 1 жол кіреберісі салынды.
ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу аясында ағымдағы жылы жүріс аралығы 5-7 минуттан тұратын, жалпы саны 113 бірлікті құрайтын, 7 ShuttleBus бағыттарын іске қосу жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қабанбай батыр даңғылы, Сарайшық және Сауран көшелерінің бойымен жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын «Bus Lane» қоғамдық көлік­теріне бөлек бөлінген жолақтарды іске қосу жоспарланды.

Құрылыс
Экономикалық сұлбаны қалыптастыратын басты фактор – ол құрылыс секторы.
2016 жылы аудан бойынша 48 көп пәтерлі тұрғын үй кешендері іске қосылды. 17 тұрғын үй кешендерін ағымдағы жылы іске қосу жоспарлануда.
Аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан, маңызы бар нысандардың құрылысы жүргізіліп келеді, соның ішінде ЭКСПО-қалашығының аумағы, Ботаникалық бақ, «Абу-Даби Плаза» көп функционалдық кешені, жаңа қонақ үй кешендері және т.б.
Қазіргі уақытта ауданда құрылыс нысанының саны 644-ке жетті. Олардың санитарлық мазмұнын бақылау мақсатында уәкілетті органдардың қатысуымен ауданда жұмыс тобы құрылған.
Сонымен қатар, қалалық аумақты өз бетімен басып алу және жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану фактілерінің алдын алу бойынша құқық қорғау орган өкілдерінің құрамынан құрылған жұмыс тобы бар.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша жер учаскелерін өз бетімен басып алу бойынша – 21 факт, жер учаскелерін мақсатсыз пайдалану бойынша 2 факт анықталды. Аудан аумағынан 18 дүңгіршіктер мен контейнерлер шығарылды. Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына барлық фактілер туралы хабардар берілді.

Денсаулық сақтау
Қазіргі уақытта ауданда барлығы 21 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 6 инновациялық медициналық орталық бар.
Аудан тұрғындары № 1 Перинаталды орталықтың ғимаратында орналасқан № 4 қалалық емхананың «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығында және № 9 қалалық емханада қызмет алады.
«Пригородный» тұрғын алабында № 4 қалалық емхананың медициналық пункті жұмыс істейді.
«Үркер» тұрғын алабының тұрғындарына № 12 қалалық емхана қызмет көрсетеді, сондай-ақ, медициналық көмекті мемлекеттік тапсырыс аясында «Салауатты Астана» ЖШС-і көрсетеді.
2016 жылы ауданда бір тәулік ішінде жобалық қуаты 274 шығуға арналған жедел медициналық жәрдем көрсету орталық станциясы ашылды.

Білім беру
Бүгінгі таңда ауданда 22 мемлекеттік балабақша, 2 шағын орталық, 2 ведомстволық балабақша, 21 мектеп, 1 колледж, 5 жоғары оқу орны орналасқан.
2016 жылы жалпы жобалық қуаты 1520 орынға арналған 6 балабақша және 1200 орынға арналған 1 мектеп ашылды. Сонымен қатар, тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар, бірінші оқу ордасы – Қазақ Ұлттық Хореография Академиясы ашылды.
№ 17 мектеп-гимназиясына жапсыра салынған ғимараттың құрылысы жалғасуда. Аталған нысанды іске қосу ағымдағы жылдың 2 тоқсанына жоспарланды.
Ағымдағы жылы жобалық қуаты 2100 орынға арналған 2 мектептің құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланды:
– Нұра-Есіл арнасының шығысынан, № 31 көшесінің оңтүстігіне қарай 1200 орынға арналған мектеп;
– Қорғалжын тасжолының оңтүстігіне қарай 900 орынға арналған мектеп.
Аталған жобаларды жүзеге асыру 2018 жылға жоспарланды.

Кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту біздің ауданымыздың экономикасын дамытудың басты мақсаты болып табылады. Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының деректері бойынша есептік кезеңде ауданда 16 807 кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, соның ішінде: заңды тұлғалар – 8698, жеке кәсіпкерлер – 8109.
2016 жылы Астана қаласының әкімдігімен жаңа көше саудасын дамыту бойынша кешендік құрылым әзірленді. Бұл мақсаттарға аудан бойынша 265 орын белгіленді. Осы орындар бойынша «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК-сы мен кәсіпкерлер арасында 67 келісім-шарт жасалынды. Қазіргі уақытта ауданда 42 павиольондар орнатылды.
Тұрғындарды қолжетімді бағадағы сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша жәрмеңкелер Сау­ран көшесі, 7 үй аумағында орналасқан алаңда және «Хан Шатыр» ОСО, «Думан» ОО аумақтарында өткізілді.
Сонымен қатар, ауданда үнемі Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының талабын сақтау, іргелес аймақтардың, кіреберіс және қасбеттің тиісті жағдайын бақылау, сонымен бірге кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы жарнама нысандарында түнгі жарықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді қалыпты ұстауды бақылау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Тек, 2016 жылы Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасымен өз бетімен сыртқы жарнама нысандарын орналастырған тұлғаларға 495 түсініктеме хат берілді. Есептік кезеңде 187 заңсыз орнатылған жарнама нысандары алынып тасталды. Жарнама нысандарының жарық иллюминациясын ретке келтіру бойынша 257 кемшіліктер жойылды.
Ауданда белгіленбеген орында сауданы болдырмау үшін Есіл ауданының ІІБ Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес, белгіленбеген орындарда сауда жасаған үшін әкімшілік тәртіпке 373 тұлға тартылды, оның ішінде 348 тұлғаға ескерту берілді, 25 тұлғаға 180 мың 285 теңге көлемінде айыппұл салынды, 19 тұлға 116 мың 655 теңге көлемінде айыппұлды төледі.

Есептік кезеңде аудан тұрғындарының саны 140 490 адамға жетті (01.05.2016 ж.).
Аудан кәсіпорындарының негізгі капиталға құйған инвестиция көлемі артып, 418698,4 млн теңгені (астананың жалпы инвестициялар көлемінің 58,7%) құрады.
Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына 131 307 салық төлеушілер тіркелген. Жалпы құны 534 млрд 679 млн 732 мың теңгеге салық жиналды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 24% жоғарылаған

Әлеуметтік сала
Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету аясында 204 адам (46 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек алды, 364 бала (121 отбасы) 18 жасқа дейінгі бала мемлекеттік жәрдемақы, 3 млн 540 мың теңге көлемінде 155 отбасына тұрғын үй көмегі, 6 млн 635 мың 963 теңге көлемінде мүгедек-баланы үйде оқыту шығындарын өтеу ретінде 98 адамға көмек көрсетілді.
Қатты отын сатып алуға байланысты 176 тұрғынға 2 млн 986 мың 368 теңге көлемінде өтемақы төленді, 12 млн 375 мың теңге көлемінде 450 адамға тіс протездеуге арналған әлеуметтік төлем берілді, Астана қаласында жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектеп түлектеріне 14 адамға және өмірлік қиын жағдайға тап болған 14 адамға (кіріс есебін ескере отырып) әлеуметтік көмек көрсетілді.
Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу мен есепке алу комиссиясы жыл қорытындысы бойынша 56 азаматқа біржолғы төлемді қарастырып, тағайындады. Жеңілдік пен өтемақыға берілетін құқықты растайтын 113 куәлік тапсырылды.
Сонымен қатар, республикалық бюджет қаражаты есебінен 653 адамға мерекелік және атаулы күндерге орай 5 млн 283 мың 900 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Есептік кезең ішінде 21 көп балалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.
Ауданның ардагерлер кеңесінің есебінде 100 алғашқы ардагерлер ұйымымен қамтылған 14 000 зейнеткер тіркелген.
Ауданда Ұлы Отан соғысына қатысқан 9 ардагер, 304 тыл еңбеккері, 85 саяси қуғын-сүргін құрбаны тұрады.
Қазақстан Республикасының 25 жылдығын мерекелеу аясында ауданда 30 астам іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде ҰОС ардагері, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы және аз қамтылған отбасылар және тағы да басқа әлеуметтік санатқа кіретін 4000-ға жуық адамның қатысуымен қайырымдылық акциялар өткізілді.

Ішкі саясат
Есіл ауданында мәдениет және спорт нысандары жеткілікті. Қазіргі таңда 18 мекеме жұмыс істеуде, оның ішінде ірі спорттық кешендердің саны – 7.
Жыл бойы ұлттық және кәсіби мерекелерге орай, мәдени және спорттық шаралар өткізілді.
Спорттық разрядтарды және біліктілік санатын беру бойынша 78 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Аудан тұрғындары мен еңбек ұжымдарында Есіл ауданының ақпараттық-насихаттық топтары үлкен көлемде жұмыс атқарып келеді. 2016 жылы Елбасының халыққа арнаған Жолдауының негізгі бағыттары, бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған және басқа да стратегиялық құжаттарды жүзеге асыру, сондай-ақ, сарапшыларды тарту арқылы діни сауаттылығын арттыру бойынша 6 кездесу өткізілді.
Экстерьерлік нұсқада Қазақстан Республи­касының мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шаралар өткізу барысында ауданда қызмет жасайтын 4 діни бірлестік, 50 үкіметтік емес ұйымдар, 3 этномәдени бірлестік және 4 саяси партиялармен өзара байланыс жасаудамыз.
Ауданды мерекелік күндерге безендіру жұмыстары тұжырымдамаға сәйкес жүргізіледі. Жұмыс тұрғын үйлердің қасбетін, көпірлер, саяжайдағы саябақ жарық тіреулерін безендіруден тұрады. Ағаштар декоративтік көмескі жарықпен безендіріледі, гүл аркалары және кіші сәулет нысандары орнатылады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Есіл ауданы әкімінің аппаратымен «Арай» саябағында көлемі 5000 ш.м2 құрайтын мұз айдыны орнатылды. Келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айдынның периметрі бойынша ағаш қоршаулары орнатылды. Конькилерді жалға беру, дәмхана, радиорубка, LED-экран орнатылды. Айдын әуен және жарық иллюминациялық көмескі жарықпен қамтылған. Сондай-ақ, аумақта сырғанайтын мұз төбешіктер орнатылған.
Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен «Хан Шатыр» ОСО-ң аумағында мұз қалашығы орналастырылып, тұрғындардың демалыс орнына айналды.
Азаматтық хал актілерін тіркеу
Есептік кезеңде Есіл ауданы әкімі аппараты жеті бағыт бойынша 10 028 мемлекеттік қызмет көрсетті:
– Бала тууды тіркеу – 5042 адам;
– Әкелікті анықтауды тіркеу – 358 адам;
– Неке қиюды тіркеу – 2113 адам;
– Неке бұзуды тіркеу – 432 адам;
– Бала асырап алуды тіркеу – 35 адам;
– Т.А.Ж. ауыстыруды тіркеу – 102 адам;
– Қайтыс болуды тіркеу – 424 адам.

Мүлікті жариялау
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарына және Қазақстан Республикасында тұруға ыхтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.
Осы мерзімнен бастап мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясына (ақшадан басқа) Есіл ауданы бойынша 1742 өтінім келіп түсті.
Осы уақыт аралығында, жылжымайтын мүлік бойынша жалпы сомасы 22 млрд 517 млн 700 мың теңгеден астам қаржыны құрайтын 2471 нысан заңдастырылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау
Ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын Есіл ауданының ІІБ Жергілікті полиция қызметінің 72 қызметкері, оның ішінде 39 учаскелік полиция инспекторлары атқарады. Құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бойынша есептік кезеңде 47 локалды-рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде қоғамдық орындарда тіркелген қылмыстың көрсеткіші 24,3% (2900-дан 2195-ке дейін) және көшелерде 26,3% (1207-ден 889-ға дейін) төмендеді. Пәтер тонау көрсеткіштері де 70,4% төмендеді (425-тен 126-ға дейін).
Есептік кезеңде барлығы 14 217 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олар: ұсақ бұзақылық, спиртті ішімдіктерді ішу, темекі шегу, белгіленбеген орын­дарда сауда жасау және тағы да басқа бұзушылық түрлері.
Жеке және заңды тұлғалар абаттандыру ережесін, ит және мысықтарды ұстау, жасыл желектерді қорғау туралы әкімшілік заңнамаларды бұзғаны үшін 1681 құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұл көлемі 20 млн 711 мың 465 теңгені құрады.
2016 жылы Жергілікті полиция қызметі ауданның тұрғындармен 153 кездесу өткізді. Көтерілген сұрақтар қорытындылары бойынша шаралар қабылданды: түнгі уақытта түн тыныштығын бұзғаны үшін 1158 азамат, белгіленбеген орындарға көлікті қалдырғаны үшін 76 азамат жауапкершілікке тартылды; медициналық емес есірткі заттарды пайдалану бойынша 83 факт анықталды.
Ағымдағы жылы халық алдында есеп беру кездесу­лер жалғасуда.
2018 жылы пайдаланысқа берілетін ауданның ІІБ-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылда 5 учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейтін «Үркер» тұрғын алабындағы ЖПҚ-нің учаскелік полиция пунктіне жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы біз 2020 жылға дейін қала тұрғындарының әлеуметтік ахуалы және әл-қуатын жоғарлату бойынша негізгі басымдық болып табылатын Астана қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарамыз.
Аталған бағдарламаны түзету аясында Астана қаласының әкімдігімен 20 негізгі көрсеткіштер айқындалды. Оларға қол жеткізу барысында ха­лықтың қолжетімді және сапалы білім алу­ға, денсаулық сақтау саласын айтарлықтай же­тіл­діруге, заманауи қоғамдық көлік және ТКШ жүйе­сінің дамытуды қамтамасыз етуге мүм­кіндіктер туады.
Өмір сүруге жайлы жағдай жасау және әлеуметтік нысандарға, спорт кешендеріне, саябақтарға, учаскелік полиция пунктілеріне, дүкендер, автобус аялдамалар және т.б. нысандарға қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін қала секторларға бөлінеді. Осы бағыттарды дамыту жұмыстарын жүзеге асыру үшін қалалық қоғамдастық-сарапшылар және аудан тұрғындары жұмылдырылады.
2017 жыл айтулы мерейтой оқиғаларға толы болмақ. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы, мемлекеттік нышандарды қабылдаудың 25 жылдығы, елорданы Алматы қаласынан Астана қаласына ресми түрде ауысудың 20 жылдығы.
Бұл жылдың негізгі оқиғасы, әрине, 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі болып табылады.
Біз аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.
Өткен жылғы ауданның жетістігі – бұл ауданның дамуына және көркеюіне тұрғындардың күнделікті өз еңбегімен қосқан үлесі. Біздің қоғамымызда алға қойған мақсаттар мен міндеттерді ауызбірлік және ынтымақсыз арқылы жүзеге асырамыз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − two =