Есіл арнасы тазаланады

0 14

Қала әкімдігіне қарасты «Жаснұр» ұйымының қызметкерлері қазіргі уақытта Есіл өзені мен оның салалары – Ақбұлақ пен Сарыбұлақта санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр.

Есіл, сондай-ақ Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерін санитарлық тазарту бойынша жұмыстар осы жылдың сәуірінен қазан айына дейін тұрақты негізде жүргізіледі. Суы алмаспайтын немесе ағысы өте баяу су қоймаларында – көлдерде және баяу ағып жатқан өзендерде биогендік элементтер біртіндеп жиналады. Бұл балдырлар мен су өсімдіктерінің дамуына әкеледі. Болашақта биогендік элементтер концентрациясы жоғарылап, «судың гүлдену» деңгейіне (климаттық жағдайларға байланысты әртүрлі) жеткенде, планктонды балдырлар мен өсімдіктердің тез дамуы өзге тіршілік түрлеріне кері әсер етеді. Қазіргі уақытта Есіл өзені мен оның салалары – Ақбұлақ пен Сарыбұлақтың су айдынын тазарту жұмыстары жалғасуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + fifteen =