Есеп күнін есіңе ал

0 142

Махшар алаңында әрбір адам­ның­ амал дәптері өздеріне та­ра­тыл­ған­ соң,­ Аллаһ Та­ғала пен­де­ле­рі­нен­ жеке-жеке есеп алады.­ Пай­­ғам­барымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с)­ хадистерінің бірінде осы есеп­ күні әрбір адамға мына бес сұ­рақ міндетті түрде қой­ы­ла­тын­ды­ғы ай­тылған:

1. Өмірін қайда өткізгендігі;
2. Жастық шағын қалай өт­кіз­ген­дігі;
3. Мал-мүлкін қандай жолмен тап­қандығы;
4. Дүниесін қалай жұмсағандығы;
5. Білген тыйымдарына амал ет­кен­ ­– етпегендігі. (Тирмизи, Қия­мет,­ 1-бөлім, 2416-хадис)

Қиямет сотында пенденің жаны қы­сылып, өзі жасаған күнәларынан жал­тарады. Осы кезде әлгі амал дәп­­тері алдына әкелініп, барлық ісі­ әш­ке­ре­ етіледі. Адам сонда да­ мой­ын­­да­­мау­ға­ айналғанда, оның­ он екі­ мүшесіне тіл бітіп, жа­са­ған­­ кү­нә­­ларын тізбектеп айта жө­не­леді. Құ­ран аятында осындай­ сәттің хақ­­ты­ғы­ былай келеді: «Ақыр олар­ оған­ барған кезде; оларға құ­лақ­та­ры,­­ көздері және терілері олар­дың­ не­ іс­те­ген­де­рі­не­ ай­ғақ бо­ла­ды.­ Олар терілеріне: «Не үшін­­ біз­ге­ куә­ болдыңдар?» дейді. (Те­рі­ле­рі):­ «Бізді әр нәрсені сөй­лет­­кен­ Алла сөйлетті; сендерді ал­­­ғаш­­ рет жаратқан және Сол жақ­­­­қа­­ қай­та­ры­ла­сыңдар» деп жау­­ап­­ береді. Сен­дер­ өздеріңе құ­лақ­­­та­­­рың,­­ көз­де­рің­ және те­рі­ле­рің ай­­ғақ­ болады деп жа­сы­рын­­бау­­шы­ едің­дер.­ Тіп­ті,­ Алла, іс­те­ген­де­рің­нің­ кө­бін­ біл­мей­ді­ деп ойлаушы едің­дер.­­ Мі­не,­ осы Раббыларың ту­ра­лы­ ой­­­ла­­­ған­­­ ой­­ла­­рың,­­ өз­де­рің­ді­­ жойды да,­­ сонда зиянға ұшы­рау­шы­лар­дан­­­ бол­дың­дар».­ (41. Фус­си­ләт,­ 20­-23­-аяттар)

Осы сөзді тағы бір аят рас­тай­­­ тү­се­ді: «Қиямет күні, олар­ға­ тілдері, қол-аяқтары не іс­те­ген­де­рі­не­ айғақ болады». («Нұр» сү­ре­сі, 24-аят)

Адам мүшелерінің айғақ болары аз­дай, қара жер де өзін таптап, жаншып, үстінде неше түрлі «пәлені» жасаған пенденің әре­кеттеріне ку­ә­лік­ ете­ді.­ Пайғамбарымыз (с.ғ.с)­ бір күні «Зилзал» сүресінің 4­ аятын (Ол күні жер уақиғасын тү­сін­ді­реді) оқып болып, сахабала­ры­нан:­ Жер уақиғасын қа­лай тү­сін­ді­ре­ті­нін­ білесіңдер ме? – деп­ сұрайды. Сахабалар: Аллаһ пен­ оның елшісі ең­ дұрысын бі­ле­ді­ деп жауап қатады. Сонда­ Аллаһтың елшісі: Жердің уа­қи­ға­сын­ тү­сін­діруі дегеніміз – жер­ еркек пен әйелдің, әрбір пен­де­нің­ жер бетінде жасаған амалы жай­­ын­да­ «пәленше мына күні мы­на­ сағатта мына істі істеді» деп ха­бар­ береді дейді. (Тирмизи, Қия­мет,­ 7-бөлім, 2429-хадис). Осын­дай­ қи­ын­дық­пен­ келетін есеп­ күнінен құ­тылатындар: ба­ли­ғат­­қа­ жасы тол­май­ қай­тыс­­ бол­­ған­ ба­ла­лар, сә­би­лер және ба­ли­ғат­қа­ толмай тұ­рып,­ ақыл-есінен ада­сып,­ ай­ық­па­ған­ күйінде жан тап­сыр­ған­ адамдар. Міне, тек қана осы­лар­ сұ­рал­май­ды, Аллаһтың кең­ші­лі­гі­мен­ жан­нат­қа­ кіреді делінген.

Есеп беру кезінде әділетсіздік атаулыға жол жоқ. Ол күннің қи­ын­­ды­ғы­ сондай: әкесі баласынан қашады, анасы перзентіне сауап бере алмайды. Бір-бірінде есесі кет­кен адамдар еш кешіріспейді. Есеп айырысу үшін бір-бірінің сауаптарына жармасады, ал, егер сауаптары болмаса, ақысы кеткен адам ақы­сын жеген адамның мойнына өз күнәсін ар­тып береді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тағы бірде сахабаларынан: Муфлистің (банкрот) кім екендігін білесіңдер ме? – деп сұрайды. Са­ха­балар: Муф­лис­ – ақшасы мен малынан, дү­ние-мүлкінен жұрдай болған адам деп жауап береді. Сонда адам­­зат­­тың­ аб­за­лы­ Мұ­хаммед Мұс­тафа (с.ғ.с): «Үмметімнен ақы­рет­те­ тақырға отырушы кісілер қия­мет­ күнге біреуге тіл тигізген, жала жапқан, оның малын жеген, оның қанын төккен күйде намаз, ораза, зекетімен келетін кісі. Оның сау­ап­та­ры­ біреуге, жақсылықтары тағы басқаға беріледі. Жиған сау­ап­та­ры­ сол қарыздарын өтеуге жет­пей­ қалса, олардың күнәларын ар­қа­лай­ды.­ Содан соң ол адам тозаққа тас­та­ла­ды» деген. (Муслим, Тирми­зи ри­у­а­я­ты)

Иман – сенім. Ақыретке сенген, Аллаһты бір­ деп, Мұ­хам­мед (с.ғ.с.)пайғамбарды оның елшісі санаған – мұсылман. Мұсылманды «мүмін» дейді. Қазақша – момын. Момын атам­­ бі­реу­дің ақысын же деді ме? «Еш­кім­­­­нің­­ ала жібін аттама» деген кім? Адал бол­ десе, ол кәпір ме? Мі­не, біздің мұ­сыл­ман­­ қау­ы­мы, Мұ­­хаммедтің (с.ғ.с) үмметі еке­­ні­­міз­ді­ растайтын дүниелер осындай кіш­­кен­тай­ тыйым сөзден бас­та­лады. Ендеше,­ исі мұсылман ба­бамыздың жо­лы­мен,­ Аллаһтың бұй­ы­рғанындай күн кешіп, ақы­рет­ қамын бүгіннен бастайық. Есеп күні еңі­реп­ жылағанмен, күйіміз еш оңал­майды. Өкі­ніш­тің­ орны тола алмайды. Бар­мақты қарш-қарш­ шайнап, санымызды сабалап, ша­шы­мыз­ды уыстап жұлмайық десек, иманымызды суарып, амалымызды арттырайық. Біздің айтар ғибрат – осы!

Мағзұм ЖАБИГЕНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + twelve =