Есеп енді өзгеше өтеді

0 8

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық атқарушы органдар басшылары мен әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.Президент қаулысында айтылғандай, өзгерістерге сәйкес орталық атқарушы органдардың басшылары жыл сайын екінші тоқсанда өңірлермен бейне конференция байланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және БАҚ-тарда онлайн-трансляция ұйымдастырып, халықпен кездесу өткізеді. Кездесуде елде іске асырылып жатқан реформалар, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу және тиісті салаларды дамыту бағытындағы міндеттерді, олардың мәселелері мен шешу жолдарын туралы хабардар етеді. Екіншіден, барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын бірінші тоқсанда халыққа есеп беріп, онда елімізде іске асырылып жатқан реформалар, өңірді дамыту міндеттері мен негізгі бағыттары, түйткілді мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша жоспарын таныстырады. Кездесу кезінде әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн-трансляция және аудан орталықтарымен, өзге елді мекендермен бейне конференция өткізеді.
Үшіншіден, есеп беру кездесулері өтетін күннен 1 ай бұрын орталық және өңірлік БАҚ-тарда, ресми ғаламтор ресурстарда және электронды үкіметтің веб-порталында, соның ішінде ашық деректер ғаламтор-порталында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі орталық атқарушы органдардың, әкімдіктердің ресми аккаунттарында, министрлер мен әкімдердің жеке аккаунттарында кездесу өткізу кестесі, есеп берудегі халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпарат жариялайды. Тағы бір өзгеріс, есеп беру кездесулері аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей есептерді, оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімін көрсетіп, кездесуде халық көтерген мәселелер тізбесін орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалаларды, қаладағы аудан әкімдері тиісті меморганның ресми ғаламтор-ресурсында, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері БАҚ-тарда және әкімдік аппаратының ресми ғаламтор-ресурсында орналастырады.
Сондай-ақ есеп беру кездесулерінде халық көтерген мәселелердің шешілу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-шы күніне қарай орталық атқарушы органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, елорда, аудандар, қаладағы аудан әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің ауылдық округтер аппаратының ғаламтор-ресурстарында жарияланады.
Атап айтарлығы, елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл халыққа есеп беру кездесуін өткізгенде БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ресми онлайн-трансляция жүргізілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды