ЕСЕБІ ТҮЗУДІҢ ЕСЕСІ КЕТПЕЙДІ

0 162

6_0

Жақында «Думан» қонақ үй кешенінде «Қазақстан бухгалтерлері мен бухгалтерлік одағы» кәсіби бухгалтерлер ұйымы «Қазақстандағы есеп пен салық салудың қазіргі заманғы жағдайы» тақырыбында семинар өткізді.

Қаржылық қызмет нарығында он жылдан аса еңбек етіп келе жатқан  ұйым кейінгі кезде әріптестерімен іс-тәжірибе алмасып, ой-пікір бөлі­суді үрдіске айналдыруда. Міне, сол дәстүрді жалғастырып, ұжым еліміздің бухгалтерлері мен аудиторлары күні мерекесі қарсаңында семинар ұйымдастырып отыр.

Аталған іс-шараға республиканың шаруашылық субъектілерінің қар­жы басшылары, арнаулы сертификаттары бар бухгалтерлер және Қазақстан Республикасы Қар­жы министр­лігінде тіркелген оқу орталық­та­рының басшылары қатысты.

Басқосуда кәсіби қаржылық есеп жүргізудегі бухгалтер қызметінің мәні мен маңызы, әлемдік  кеңіс­тікте қаржы есебін бірігіп жүргізу және бухгалтерлерді сертификаттаумен айналысатын арнаулы ұйымдардың қар­жы есебі қыз­мет­керлерінің кәсіби деңгейін көтеру мәселелері төңі­ре­гінде ой-пікірлер ортаға салынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × five =