Ертеңнен бастап елордаға кіретін және шығатын жолдар жабылады

0 23

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша 2020 жылдың 22 наурыз күні 00:00 сағаттан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына қатынайтын барлық қазақстандық авиакомпаниялардың тұрақты және тұрақты емес­(чартерлік) жолаушылар рейстері, сондай-ақ теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады. Мұндай тыйым тек халықаралық және жүк тасымалы рейс­теріне салынбайды.Қалаға кіреберісте 7 блок бекеттер қойылды, оның ішінде қала маңындағы Жібек Жолы, Қосшы, Қаракөткел, Талапкер және Қоянды ауылдары да қамтылған. Транзиттік жүк көліктері елорданы айналма жолмен жүріп өтеді. Жолаушылар блок-бекеттердегі полиция қызметкерлеріне міндетті түрде жеке куәлік пен басқа да құжаттарды көрсету қажет. Электронды дерекқордағы құжаттарды планшеттер көмегімен тексеру бірнеше минут алады. Бұл шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталып отыр.
Сонымен, коронавирустың алдын алу үшін жарияланған карантиннің талаптарын қатал ұстанатын мерзім басталды. Ең бастысы – әрбір азамат өзінің де, өзгенің де денсаулығына, қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараса екен дейміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды