Ертең үгіт-насихат жұмыстары басталады

0 26

2021 жылғы 25 шілдеде еліміздегі облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының шешімімен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттер мен ауылдық округтердің 730 әкімін сайлау өтеді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.Ведомствоның мәліметінше, «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес, эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталғанға дейін 5 күннен кешіктірмей (2021 жылғы 9 шілдеден кешіктірмей) хабарлап, жариялауға тиіс.
«Бұқаралық ақпарат құралдары эфир мен баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін үміткерлердің үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бере алмайды (осы норманы бұзу лауазымды адамдарға – 30 АЕК мөлшерінде (87 510 теңге, 1 АЕК – 2 917 теңге), заңды тұлғаларға 50 АЕК (145 850 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша эфир және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер аумақтық сайлау комиссияларына берілуге тиіс» деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес, сайлау алдындағы үгiт үміткерлер тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Осылайша, сайлау алдындағы үгіт 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18:00-ден кейін басталып, 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 5 =