ЕРТЕҢ – СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

0 177

Ертең Астанада алтын ұя мектебінен арман жолына ат­танғалы отырған 5 мың елор­далық  түлектерге  соңғы  қоңырау соғылмақ.

Сондай-ақ, дәл сол күні мектеп бітірушілер үшін сағат 13.00-де «Бәйтерек» монументінің жанында «Біз – ел болашағымыз» атты ме­рекелік шеру мен би кеші ұйым­дас­тырылады. Концерттік бағдарламаға қалалық ұжымдар қатыспақ.
Сонымен бірге, 25 мамырда сағат 17.00-де Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған «Триумф» балы өтеді, онда республикалық, халықаралық конкурстардың, ғы­лыми жобалардың және олимпиа­далардың жеңімпаздарына құрмет көрсетіледі. Биылғы шара «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 10 жылды­ғына арналып отырған көрінеді.
Сөз арасында айтып өтейік, 2015-2016 оқу жылында елордалық оқ­ушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оң­түс­тік Корея елдерінде халықаралық олим­пиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль
еншілеген. Республикалық олим­пиада мен ғылыми жобалар кон­курсында бас қалада білім алып жат­қан оқушылар командасы, жалпы ко­ман­далық есепте 1-ші орын алып, «Үздік команда» атанды.
Ал 17 маусымда түлектерге мектеп бітіру куәлігі табыс етілмек.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 6 =