Ерте қамданған есілдіктер

0 96

Сәуiрдегi тәуiр тiрлiк қала тазалығынан басталды.  Астана тұрғындары қазiрден бастап, қысқы қалдықтарды жинап, ағаштардың түбiн әктеп, жер түптеуге кiрiсiп кеттi.  Тазалық қамына ерте қамданғандардың бiрi – Есiл ауданы.
Жалпықалалық сенбiлiк барысында мұнда 400-ге тарта кәсiпорын, мемлекеттiк ұйымдар, министрлiктер мен өзге де мекемелер толық тазалыққа жұмылдырылмақ. Яғни, жалпы саны шамамен 16 мың тұрғын 21 сәуiр күнi «Бiз таза қаланы қолдаймыз!» атты ұранмен жаппай тазалық жұмысына кiрiседi.
Экологиялық-санитарлық айлық барысында аудан территориясына 1500 ағаш отырғызу көзделген. Дәл қазiргi уақытта Тұран көшесiнен басталатын абаттандыру жұмысының орындары белгiленiп, алдын ала қоқыстарды жинастыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Сонымен қатар, ауданда қазiргi күнi 10 биодәретхана және 8 қоқыс контейнерлерi орнатылды.
Сондай-ақ, 10 сәуiрден бастап, 10 мамырға дейiн жүргiзiлетiн жалпықалалық экологиялық сенбiлiктер барысында «Астана көгалдандыру» мемлекеттiк мекемесi  мұндағы тазалық жұмыстарына 47 қоқыс тазалайтын және қалдық артатын көлiктер жұмылдырмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − 6 =