Ерлікке тағзым

0 37

Ұлттық академиялық кітапханада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіске тағзым» атты онлайн-кездесу өтті. Кездесуде Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы мен майдангерлерді ардақтау, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу секілді ұнамды ойлар сөз болды.Бағдарлама барысында А.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры Бибігүл Шағиева соғысқа жіберілген он оқтың тоғызы Өскемендегі зауыттардан өндірілгендігін айтты.
– Біздің облыстан 109 азамат Екінші дүниежүзілік со­ғыс­та Кеңес Одағының Батыры атанды. Қазір жергілікті өлкетанушылар соғыс туралы бұрын айтылмаған, көтерілмеген тақырыптарды зерттеуді қолға алды. Әрбір Отан соғысына қатысқан батыр жайында библиографиялық зерттеу жинақталуда. Бұл база жаңа тың ақпараттармен толықтырылды, – десе, Ұлттық академиялық кітапхананың қызметкері Дариға Дәуренбекова «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» онлайн-марафоны туралы айтып өтті. «Мұны Отан соғысының ардагерлері туралы ұрпақтардың қоғамдық патриоттық шарасы деуге болады. Еліміздің әр түкпірінен біздің электронды поштамызға 200-ден астам жұмыс түсті. Әлеуметтік желіде 600-ден астам жарияланым жасалып, оны 7000-ға жуық пайдаланушы қарады, 250 адам пікір қалдырды» деп түйіндеп өтті сөзін.
Сондай-ақ кездесу аясында академиялық кітапхана қорындағы Екінші дүниежүзілік соғыс туралы жазылған кітаптар мен сол жылдары оқырманға қызмет көрсеткен кітапханалардың тарихы туралы қызықты деректерді қамтыған көрме ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen + sixteen =