«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ерлікке құрмет көрсетілді

0 66

Биыл Кеңес әскерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан шекарасынан шығарылғанына 33 жыл толады. 1989 жылы 15 ақпан күні алапат соғысқа нүкте қойылып, қасіретті жылдар тарих қойнауында қалды.

20140407162435

Осы күнге орай елордадағы №54 мектеп-лицейде үлкен шара ұйымдас­тырылды. Шараға ауған соғысының ардагері Бағлан Баяхметов, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Ғани Артықов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының  елорда бойынша төрағасының кеңесшісі Айдархан Махамбет, №54 мектеп-лицей директоры Есмағзам Исмуханов және қозғалыстың осы мектептегі мүшелері қатысты.

Жиынды Есмағзам Исмуханов кіріспе сөзбен ашып, қонақтар мен мектеп оқушыларына ізгі тілегін білдірді. Одан кейінгі сөз Бағлан ­Баяхметовке беріліп, жауынгер от пен оқтың ортасында жүрген кездерден сыр шертіп, қарулас достармен от кешкен күндерді есіне алды. Сондай-ақ жастарға жүрекжарды ниетін білдіріп, Отанды сүйіп, оны қорғауға шақырды. Залға жиылған оқушылар да батыр ағаларына сұрақтарын қойып, естеліктерге құлақ түрді.

Шақырылған меймандар кезегімен сөз алып, өз лебіздерін білдірді. Шара барысында бейнематериал көрсетіліп, патриоттық бағыттағы әндер шырқалды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды