ЕРЛІК ІЗДЕРІ

0 123

Санкт-Петербург қаласына  Жеңіс  мерекесі  қарсаңында  жолымыз түсті. Үш жүз жыл­дық тарихы бар, қазығын Петр патша қадаған қаланың  аристократиялық сымбаты алқызыл тудың көлеңкесінде қалып, майдангерлер рухы аспандап тұрғандай. Солай болуы керек те шығар. Ұлы Отан соғысының ең қанды беттерінің бірі осы қалада жазылды.

молд

Қазақтың қос қарлы­ға­шы Әлия мен Мәншүктің және мың­даған қазақ­стан­дықтардың мәңгі өлмес ерлігі осы жерде жазылып, боздақтардың қасықтай қаны осы топыраққа төгілді. Ал жау қоршауында қалған ленинградтықтарды жебеген Жамбылдың:
«Лениградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…» деген жырының жазылғанына жетпіс жылдан асса да әлі де екі елдің арасын жақындатып тұр. Сол себепті де Жамбыл атамызға қойылған ес­керткішке тағзым ету жол са­парымыздың бас­ты мақсаты да еді. Архитектор Феликс Романовский және скульп­тор Валентин Свешников жасаған ақын ескерткіші осыдан 13 жыл бұрын үлкен жолдан бас­тау алатын орамда қойылыпты, көшені Жамбыл атымен атапты. Санкт-Петербург және Ленинград облысындағы қазақтардың басын қосатын «Ата-мекен» қоғамының төрағасы Сәр­сен­ғали Құспановты осы жерде кездес­тірдік. Қазақ қоғамының бел­сенділері дәстүр бойынша ақын ескерткіші мен Пискарёв мемориалды қорымындағы сенбілікке қатысады екен.
Ленинград қорғанысы ке­зінде құрбан болғандардың мәң­гілік мекенінде «Лениградты қорғау кезінде құрбан болған қаһармен қазақстандық отан­дастарымыздың ерлігі мен даңқы мәңгі сақталады» деген жазуы бар тақта қа­ғы­лыпты. Оның міндетті түрде қазақ-орыс тілдеріне жазылуын қадағалаған Сәрсенбай ағамыз екен. Жалпы, Қазақ
қо­ғамының мүшелері қазақ тарихына қатысты ескерт­кіш­терді күтіп ұстауды мінде­тіне алған. Жергілікті әкім­шілік тиісті көлік пен құрал-жаб­дық­тарын ғана бөледі.
– Әлия Молдағұлова оқы­ған мектепте мұражай бар. Жыл сайын қазақтың батыр қызымен бірге соғысқан арда­герлерді Қазақ үйінде жинап, құрмет көрсетуші едік. Алайда, жылдан жылға олардың да қатары да сиреп бара жатыр, – деді Сәр­сенбай Құспанов.

IMG-20160503-WA0002
Жалпы, осы сапар барысында кездескен адамдардың ықылас-пейіліне қарап қазақ­стандық жауынгерлерге деген құрметтің айрықша екенін еріксіз аңғардым. Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл Жабаев ескерткіші жанында мектеп оқушылары, қоғамдық ұйымдардың белсенділері, елшілік өкіл­дерінің қатысуымен түрлі патриоттық шаралар ұйым­дастырылады екен. Осындай тағылымды шараларды өткізуде, әрине, Санкт-Пе­тер­бург қаласындағы Қазақ қоға­мының мүшелері өлшеусіз ең­бек сіңіріп жүргені сөзсіз.
Ұлы Отан соғысы тари­хын зерделесек Ленинград үшін болған қиян-кескі шай­қастың орны бөлек деуге тұ­рады. Жау құрсауында қалған қаланы қорғау кезінде қан­­шама кеңестік жауынгерлер оққа ұшып, жер жастанды. Ең бастысы қасық қаны қал­ғанша айқастан шегінбеген май­дангерлеріміз жауды Ле­нинградға кіргізбей, бетін қай­тарды. Осындай тарихи шайқас кезінде қаншама қазақ­стандық азаматтар да ерліктің үлгісін көрсетті. Ал сол ерліктің жергілікті тұрғындар тарапынан еленіп, ескерілуі шын мәнінде көңілді марқайтып, еңсеңді көтереді екен.

Айгүл УАЙСОВА,
Санкт-Петербург

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 17 =