Ерлік еске алынды

0 115

Кеше елордамыздағы «Ауғанстан соғысында қаза болған жауынгер- интернационалистер мемориалы» ескерткіші жанында Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 24 жыл толуына орай тағзым акциясы өтті. Кеңес әскерінің 1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстанда болған кезеңінде Қазақстаннан  22269 адам соғыс әрекеттеріне қатысқан, олардың қатарынан 924 адам қаза тауып, 20 адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы  қолдау көрсетті. Шара барысында боздақтар ескерткішіне Астана  қаласы әкімдігі, қалалық мәслихат және қоғамдық ұйымдар атынан гүл шоқтары қойылды. Мемлекеттік әнұран орындалып, боздақтарды еске түсіруге арналған бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Жиналған қауым алдында «Халық қаһарманы», Мәжіліс депутаты Бақытжан Ертаев, Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов, Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұратбек Әміржанов сөз сөйлеп, Ауғанстан соғысының қасіреті жайында айтып, қаза болған жауынгерлердің ерліктерін еске алып, рухына тағзым жасады.

Осы күні астаналық жауынгер-интернационалистер мешіт пен шіркеуде болып, соғыс даласында қайтыс болған майдандастарына дұға бағыштады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + eighteen =