Ерлан МАЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: ЖАҢА ҚОЙЫЛЫММЕН ҚУАНТАМЫЗ

0 143

NfZ5DhGLTVo

Әрбір аптаның өзіндік қызығы мен шыжығы бар. Мен үшін апта басы қиындау басталғанымен, соңы сәтті болды. Қуаныш пен жақсылыққа куә болдым. Сыныптастарымның бірі егіз баланың әкесі атанып, ақ тілегімізді білдірдік. Сонымен қатар, театрда «Әйелдер әлемі» спектаклінің премьерасында ойнадық. Театр сүйер қауым үшін жақсы жаңалығымыз бар, өнердің қара шаңырағы саналатын ордамызда алдағы уақытта «Тіл табысқандар» атты қойылымның премьерасы болады.

Мен үшін аптадағы жағымды жаңалықтың бірі – шетелдік классика болып саналатын «Қымбатты Памелла» қойылымында басты рөлдің бірінде ойнайтыным. Алда елордалықтардың сүйікті мерекесі – Астана күні. Айтулы мереке қарсаңында жаңа қойылымдарға дайындық жүргізудеміз. Осылайша, әр аптамыз қызу тіршілікпен өтуде.

Жазып алған Айгүл ӨЗЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 16 =