Еріктілер үй аралап жүр

0 20

Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлер ұлттық халық санағы жұмысына белсенді араласып жүр. 1 қазаннан бастап ұлттық халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы жүріп жатыр. Бұл – еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері өтіп жатқан үшінші халық санағы. Биыл халық санағына алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылуда.

image-19-10-21-09-17
image-19-10-21-09-17-1
image-19-10-21-09-17-2
image-19-10-21-09-17-3
image-19-10-21-09-17-4
image-19-10-21-09-17-5
image-19-10-21-09-17-6
image-19-10-21-09-17-7
image-19-10-21-09-17-8
image-19-10-21-09-17-9
image-19-10-21-09-17-10
image-19-10-21-09-17-11
previous arrow
next arrow

Еріктілердің бұл жұмысы халық санағы процесінің жылдамдауына септігі тиері сөзсіз. «Волонтерлер халық санағы бойынша ақпараттық буклеттер таратып жүр. Осылайша қала тұрғындарына халық санағы бойынша тіркеуге тұру, кіру жөнінде ақпараттық көмек көрсетіп жатырмыз. Тұрғын үйлердегі пошта жәшіктеріне де осындай ақпараттық буклеттер саламыз. Халық санағына шамамен 50-ге тарта ерікті араласып жүр» деді «Астана жастары» КММ маманы Дамир Айтымов.

Дәстүрлі жаппай үй-үйді аралау кезеңінде бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар ин­тервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

– Волонтер болғаныма бір ай болды. Өз өміріме өзгеріс енгізіп, айналама көмектесу үшін еріктілер тобына қосылғанмын. Қазір халық санағы бойынша қала тұрғындарына буклеттер таратып жүрміз. Сол сияқты тұрғын үй кешендерін аралаймыз, – деді «Астана жастары» КММ волонтері Асылайым Жолтай.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =